«Патруль: соңғы үкім», «Шыда 2». «105» Биыл НТК арнасы көрерменге ең үздік жобаларын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Патруль» телехикаясы 10 жылда 6 маусымы жарық көріп, халықтың фаворитіне айналған еді. Жоба авторлары биыл өз көрерменін қуантуға бел буып, 7-маусымын таспалады. Кейін ол толықметрге ұласып, миллиардер туынды атанды.

 

«Патурль» сіз үшін?

Ақылбек Досжан, «BAS» prodaction продюсері:

Өмір ғой. Біздің атымызды шығарған сериал.

Бексұлтан Піләл, жайдарманшы, актер:

«Патруль» мен үшін тарих!

Әділжан Шомбалов, актер:

Мен үшін «Патруль» ең қымбат сериал. Ең алғашқы өзімнің жамбасыма түскен кинодағы рөлдерімнің бірі деп білемін.

 

Халық арасында резонанс тудырған «Шыда» сериалы биыл да өз көрерменімен қауышты. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған нәзік жандылардың жан-айқайын ашық жеткізген телехикаяның, әр бөлімі ютуб хостингінде миллионнан астам қаралым жинады. Тіпті 3-маусымға сұраныс тууда. Бірақ ол әрине уақыт еншісінде.

Осы абьюзердің рөлінен кейін, өмірде сондай бір қылықтарды өзіңіге енгізіп алмадыңыз ба?

Қуаныш Құдайберген, актер:

Әйелімнен сұрау керек десең. Абьюзердің өзіне байқалмайды ғой деп ше. Жоқ, енді мен именно осы рөлден кейін сол рөлден маған жұғып қалды деп айтудан аулақпын.

 

Биыл арнамыз жас таланттардың да жұлдызын жақты! Қоғамда белең алған мектеп оқушылары арасындағы буллинг тақырыбы жайындағы сериал аз уақытта фан-база қалыптастырып үлгерді.

Аслан Бектенов, актер:

Өзімнің бір бөлек жеке аудиториям пайда болып мен кішкене ерекше сезім алдым. Себебі, бұған дейін қарапайым жай ғана Аслан болып жүрдім да, қазір барлық ортада Азамат болып танылып, бүкіл жерде видеоматериалдарым таралды.

 

Айбарыс Сауытқан, актер:

Менің оқырман саным Тik tok-та 29 мыңнан 123 мың болдым бүгін. 20 күннің ішінде 100 мың жинады ма?! Ал Instagram парақшам 1600 ғана фалловер болған. Қазір 21 мың болдым. 18 мың оқырман қосылыпты.

Ал «Параллель» телехикаясының авторлары көрерменді онлайн алаяқтыққа бет бұрған 3 боз баланың оқиғасымен таныстырды. Халық та актерлік құрамның экшн сахналарда барған тәуекелдерін жоғары бағалады.

 

Сонымен қатар, келесі жылы жарық көретін «Мошенники» сериалының 2-маусымы биыл Ыстамбұлда таспаланды. Жоба авторларының көрерменге дайындаған тосын-сыйы бұнымен шектелмейді. Ел аузындағы телехикаяны толықметр қорытындылайтын болады.

Рүстем Омаров, сценарий авторы, актер:

Алаяқтық ол адамдардың басынан кешетін азабы ғой. Сол үшін біз сол қылмыскерлердің жаңа әдістерін зерттеп, кейін оны ұсынамыз. Әрине, халық алданбасын деген ниетте.

 

Ал жаңа жыл мерекесін НТК арнасымен көтеріңкі көңіл күйде қарсы алыңыз, көрермен! 31-желтоқсан күні «Элвин и бурундуки», «Зверогонщики», «Джуманджи: Новый уровень», «Гринч» фильмдерін тамашалай аласыз!