Еркебұлан Тоқтар кезекті жекпе-жегіне дайындығын Америкада бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ол ММА жұлдызы. Рингті ақша табу көзіне айналдыра алғандардың бірі. Қоржынында 11 жеңіс пен 3 жеңіліс бар. Жұдырығы қыруар қаржыға бағаланатын Еркебұлан Тоқтар кезекті жекпе-жегіне дайындығын бастады. Танымал 15 қаңтар мен 15 наурыз аралығында Америкадағы топ-тимдердің бірінде екі айлық оқу-жаттығу өткізбек. Бұл жоспары жайлы бізге берген сұхбаттарының бірінде бөліскен.

Еркебұлан Тоқтар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ММА өкілі:

Дайындаламын, барып шетелге барып дайындаламын. Бәрібір 2-3 ай тыныштық, сол кезде дайындалу керек.

 

Енді Еркебұлан UFS-де өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі файтерлермен бір заллда дайындалып, біліктілігін арттырады. Бұл таңдауын сынап жатқандар да аз емес. Оқырмандар қазақстандық бапкерлерді місе тұтпайды деп жарыса жазып жатыр. Көптің көкейіндегі сауалға спортшы былай деп тіл қатты.

Еркебұлан Тоқтар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ММА өкілі:

Тренерлер бізде де бар. Мықты тренерлер бізде де бар. Партнер аз. 50 адам жүреді. Онда 50 адам UFS чемпионы, барлық спортсмендері UFS балалары. Ол жақта 2 ай Қазақстандағы 8 ай мен тең.

 

Шетелдегі оқу-жаттығудың құны 25-30 млн қаржыны талап ететінін де жасырмады. Елдегі бейресми кездесулер мен шығармашылық жұмыстар толыққанды жаттығу жасауға кедергі келтіретіндіктен де, мұхит асуына тура келген екен.

Еркебұлан Тоқтар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ММА өкілі:

Кеше түсте түсірілімім бітті, барып спаринг істеп алдым. Бүгін де жасаймын. Оған зияны жоқ. Онымен қоймай қазір жеке дайындаламын. Дайындыққа 2 уақыт ММА босла, боксқа 3 апта дайындық жетеді.

 

Еркебұлан « Ендігі белес – Madison Square Garden» деген жазба қалдырыпты. Димаш дауысымен бағындырған биікті Тоқтар-тегі жұдырымен тәнті етпесіне кім кепіл. Сәттілік тілейміз!