Аншлаг! Музыкант Әсет Есжан жеке шығармашылық кешін өткізіп, қонаққа «Qazaqsha Терапия» ұжымын шақырды. Айта кетейік, әнші аталмыш жобаға 3 жыл көлемінде жетекшілік етіп келеді. Осыған дейін 30-дан астам концерт беріп, мыңдаған көрерменнің жүрегінен орын алып келеді.
- Ол енді оңай жүк. Оңай емес. Оның үстіне «Qazaqsha Терапия» 40-тан астам өнерпаз жұмыс жасайды. Олардың барлығының еңбек ақысы деген, сияқты. Бірақ алдағы уақытта өзімнің шығармашылығыма кірісемін деген ой бар бұйыртса.
«Qazaqsha Терапия» - қазақтың әуезді әндері мен заманауи музыка өзара тоғысуы. Бұл кеште тыңдарман ұлттық аспаптардың табиғи үні мен жанды дауыста шырқалған байырғы әндерді тыңдайды. Жоба авторлары осылайша жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын оятуды мақсат етеді.
- Өнер иесіне жалпы қиын ба осындай жобаны ашып, осындай жобаны жүргізіп. Қаржылай жағынан немесе басқалай жағына қиындықтар тудырады ма негізі?
Әсет Есжан, әнші, актер:
- Әрине. Өте, өте қиындық тудырады. «Qazaqsha Терапия» 1,5 жылдға дейін тек қарызда болған проект. Әрбір концерт минус. Өйткені енді сіз ойлаңызшы ол 40-тан астам өнерпазды сахнада оның әрқайсысынын отбасы бар. Бірақ қуанышқа орай, бүгінгі таңда шығармашылық топ айтарлықтақтай табыс табуда дейді, ұжым жетекшісі. Одан бөлек, «Qazaqsha Терапия» сонау Еуропадан шақырту алған.
Әсет Есжан, әнші, актер:
- Жалпы қазір бізге осы бір ұсыныс түсті. «Qazaqsha Терапия»-ны шет елге алып шығу туралы ұсыныстар бар. Енді оны қазір нақты болмағаннан кейін айта алмаймын. Бірақ қазірше сондай келіссөздер жүріп жатыр. Бәлки осы жылдың ортасында, бәлки жазда деген сияқты орындалып қалуы мүмкін.
- Қай елде екенін айта алмайсыз ба?
- Жоқ оны қазір айта алмаймын. Бірақ шет ел. Еуропа.
Көз тиеді деді ме, өнер иесі жақсы жаңалық жайлы кеңінен көсілмеді. Дегенмен де, «Qazaqsha Терапия» ұжымының әлі талай мұхит асып, қазақ ұлтының мәдениетін әлемге танытады деген сенімдеміз.
Ал кеште трек-листтегі жоспарланған туындылар толық орындалғанымен, тыңдарман өнерпаздарды жібермей қойды. Жанкүйерлерінің көңілін қимаған топ мүшелері сахнаға қайта оралып танымал әндерін бірнеше рет орындады.
Әсет Есжан, әнші, актер:
- Біздің қанша уақыт дайындығымыз, еңбегіміз сол көрерменнің қошеметімен, «бәрекелді» деген сөзінен үстімізден үлкен жүк түседі ғой. Сол үшінде өнер адамдары сол үшінде жүрген шығар деп ойлаймын.
- Бүгін ерекше өтті. Сондықтан да қуаныштымыз. Осындай кештер жиі болып тұрсын дейміз. Қазақтың рухтанатын нағыз қазақтарға арналған кеш болды деп айта аламын.
- Көнілімнен шықты. Негізі мен бұл кешке 3 ре келіп отырмын. «Qazaqsha Терапия»-ның жалпы концертіне танысқалы бері жалпы 5 рет келуім. Негізі былайша айтқанда «подачасы» ерекше.
- Бүгін негізі мен үшін өте тамаша кеш болды. Мен «Qazaqsha Терапия»-ны күткеніме негізі жарты жылдай уақыт болды. Ұзақтан бері күтіп жүрмін. Бүгінгі кеш қатты көңілімнен шықты.