Өнерде 50 жыл! Роза Қуанышқызы сахнадан кетуге бел байлағаны рас па?

Бұл Роза Қуанышқызын әлемге танытқан ән. 1977 жылы Болгарияда өткен «Золотой Орфей» фестивалінде қаршадай қазақтың қызы «Әлия» әнін айтып сынға түсті. Бұған дейін қанша әншінің репертуарында болса да, Роза Рымбаеваның орындауындағы баллада сарыны ғана Молдағұлованың ерлігін паш еткендей әсер қалдырса керек, әділ-қазылар бір ауыздан бас жүлдені берді. Осылайша Рымбаева өзін ғана емес, қазақтың әнін де КСРО кеңістігіне паш...