«Көкжиектен асқан үн». Димаш Құдайберген тырнақалды туындысының тұсауын кесті. Бірнеше жыл бұрын «Singer» жобасында әлемге танылған Димаш енді өзі де осы шоуы арқылы жас таланттарды паш етуге үлес қоспақ.
Қанат Айтбаев, «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі:
– Бұл бағдарлама Димаштың ұсынысымен, ойыменен жүзеге асырылып түсірілген дүние. Бұл енді Димаштың кезінде өзі ең алғаш үлкен музыкалық нарыққа қадам басқан Хунан ТВ атты Қытайдың телеарнасымен бірлесіп жасақталды.
Жобада Орта Азия мен Еуропаның таланттары бақ сынайды. Музыкалық шоуларда дес бермеген 6 өнерпаз 12 кезең бойы өзара үздікті анықтамақ.
Димаш Құдайберген, Қазақстанның Халық әртісі:
– Атап өткендей жобамызға Қытай, Қазақстан, Сербия, Италия, Малайзия және Қырғызстан елдерінен келген вокалистер бақ сынасуда. Шынайы қызығушылықпен үлкен құрметпен үңіліп бұл сапарды жүрекпен сезініп сіздер үшін әсерлі де шынайы өнер көрсеткен әрбір қатысушыларымызға, әрбір жобамыздың қонағына рақмет!
Бағдарлама 22 күн бойы еліміздің ең әсем өңірлерінде түсірілген. Халықаралық шоудың мақсаты тек музыканттарға жол ашу емес, еліміздің туризм саласына да үлес қосу дейді Қанат Айтбаев.
Қанат Айтбаев, «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі:
– Бұл жерде Қазақстанның туристік әлеуетін. Ең әдемі жерін Түркістанды, Маңғыстауды, Астана, Алматы өңірін әдемілеп насихаттатын жоба. Осы арқылы әлем елімізге көз тіксе. Осы арқылы еліміздің туристік әлеуеті ұлғайса деген ой. Сонымен қатар шараға қатысатын өнерпаздардың өзара достығы өнердің көкжиегі кеңейсе деген сөз.
Димаш тырнақалды туындысының алғашқы бөлімін тыңдарманымен тамашалауға бекінген. Сондықтан ашық көрсетілім ұйымдастырып, билеттерді тегін ұсынған.
Диана Аманжолова, жанкүйер:
– Менің жанымда Димаштың жанкүйерлері. Неге нақ осы жандардан сұхбат алдыңыздар десеңіздер, спорт сарайының алдында билет сатып аламыз едп алып ұшып жүр екен. Неге тегін билеттен қағылдыңыздар. Неге алып үлгермедіңіздер?
– Өкінішке қарай, тегін билет алып үлгермедік. Бірақ қазір қалтамда 50 мың теңге бар. Димаш үшін соны беруге дайынмын.
– Студентсіз ғой?
– Иә, әрине. Димаш Құдайбергенді шынымен жақсы көремін. Өлеңдерін де жақсы көремін.
Қанша қалағанымен бұл қыз-жігіттерге билет бұйырмады. Себебі, көрерменнің ешбірі Димашты көру, үнін жанды дауыста есту мүмкіндігінен қағылғысы келмейді.
– Мұндағы жанкүйерлер де бізді таңғалдырып жатыр. Қасымда тұрған кішкентай оқушы қыздар Димаш үшін арнайы Жетісайдан келген екен. Өздерің баяндап беріңдерші?
Ырыс Дүйсехан, жанкүйер:
– Біз 2-ақпан күні инстаграмнан білдік осы жоба болатынын. Сосын ата-анамыздан рұқсат алып осы Алматы қаласынан тамашалау үшін келдік.
Кеңесбаева Ақжарқын, жанкүйер:
– Димаштың STRANGER турында Алматыда болдық. Содан соң туған күнінде Ыстамбулға бардық. Еніді қолын бүгін алсам менде арман жоқ шығар…
Жалғыз Ақжарқын емес, бар жанкүйері Димашпен суретке түсіп, қолтаңбасын алуға асықты. Ұлтының ұлы баласы да көрерменнің көңілін қалдырмай, ашық көрсетелімнен соң жанкүйеріне жақындап, жылы лебізін жеткізді. Айта кетейік, шоудың қаралымы көңіл көншітерлік. Алғашқы бөлімін бір күнде-ақ 102 млн адам тамашалаған екен. Жоба Қытайда барлық басқа бағдарламаларды басып олзып, рейтингте көш бастаған.