Сүйінші! 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің көк туы желбіреді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Тарихи сәт! Қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан елінен шыққан спортшы мәнерлеп сырғанау бойынша бірінші рет алтын медаль иеленді! Еліміздің көк туын желбірету мәртебесі 21 жасар Михаил Шайдоровқа бұйырды.

 

Жеңімпаз 10 - ақпан күні өткен қысқа бағдарлама бойынша топ бестікке іліккен еді. Ал жарыстың шешуші күнінде Михаил мұз үстіндегі биін мінсіз орындап, қарсыластарын басып озды.

 

Ұстаздан шәкірт озар! Еске салсақ, 2014 жылғы Қысқы олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанау спорты бойынша тұңғыш рет үштікке кіріп, қола медальді иеленген Денис Тэн еді. Ал бүгінде марқұмнан тәлім алған Михаил «Олимпиада чемпионы» атанып отыр. Бір қызығы Дэнис те жеңіс тұғырынан 21 жасында көрінген еді.

 

Михаил Шайдоров, Олимпиада чемпионы:

Иә, 2014 жылғы Олиимпиада ойындарындағы Денис Теннің қалай өнер көрсеткенін ұмыта алмаймын. Сол кезде ол бүкіл әлемді өзіне қаратқан еді. Бұл нағыз ғаламат серпіліс болды. Ол көрсетілім маған үлкен шабыт сыйлаған еді.

 

Айта кетейік, Михаил 18 жасынан бері халықаралық спорттық шараларда өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленіп келеді. «Мені бұл жетістіктерге жетелеген Денис Тэнге деген шексіз құрметім» дейді спортшы.

Михаил Шайдоров, Олимпиада чемпионы

Менің туымды көрген кезде, бәрі Денис Тэнді еске алады. Әлемдегі барлық мәнерлеп сырғанаушы оны жақсы таниды. Себебі ол бұл салаға үлкен үлесін қосқан жан. Сонымен қатар, әрине ол менің жүрегімді мәңгі орын алады.

 

Михаил Шайдоров ақтың мәредегі өнерінде ел мақтанышы Димаш Құдайбергеннің «Confessa» туындысын композиция ретінде таңдаған. Ал Димаш бұл құрметін аса жоғары бағалап, жеңіске жеткен спортшыға теміртұлпар мінгізетінін мәлімдеді. Ендеше, жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!