Өзіндік харизма, биязы мінезімен танымал Гүлназ Жоланова камбэк жариялады. Тұрмысқа шығып, ана атанған актриса кейінгі жылдары шығармашылықтан қол үзген еді.
Гүлназ Жоланова, актриса:
– Соңғы 2 жылда менде бірінші декрет болды. Кейін біз шетелде біраз жұмыспен болдық. Шынымды айтайын толықтай бір декрет болған жоқ. Анда ұштық, мында ұштық. Сонымен кішкене жер көріп, ел аралап. Сондықтан үйде отырып қалдым, үйден шықпай қалдым деп айта алмаймын. Бірақ, иә толығымен балама уақытымды бөлдім. Одан басқа шаруам, басқа проблемам болған жоқ.
Камера мен микрофонды сағынса керек бірден жаңа толықметрдің түсіріліміне кіріскен екен. Көп ұсыныстардан бас тартқанымен продюсер Нұргүл Даубаева-ға жоқ дей алмадым дейді.
Гүлназ Жоланова, актриса:
– Енді соңғы кезде мен көп ұсыныстар қабылдай алған жоқпын. Енді соңғы жаңалығым осы “Хотя бы в кино 4” фильміне оралдым. Өз кейіпкерім болған. Ол көрермен есінде шығар деген үміттемін. Бірінші бөлімде Жанар есімді, сол міне 4 бөлімде Вьетнамға қайтып оралады.
Вьетнамға кішкентайымен бірге барған. Түсірілім кезінде анам мен сіңілім көмектесті дейді актриса. Айтпақшы, ұлының суретін мүлде жүктемеуінің себебін сұрадық. Былай түсіндірді.
Гүлназ Жоланова, актриса:
– Ешқандай тыйым емес. Бұл жәй ғана өзімнің шешімім. Балам өскенде көрсет деп жатса көрсетемін. Танымал бола ма болмай ма оны өзі шешеді.
Қысқасы, Жоланова оралды. Режиссерлер мен продюсерлердің құлағына алтын сырға. Мұны біз емес, өзі айтты.
Гүлназ Жоланова, актриса:
– Жалпы киноиндустрияда осы 2 жылда біраз қарқындап, көптеген жақсы кинолар шығып жатыр. Солармен ілесіп, жәймен бір ритмге келемін деген үміттемін.