Еркеш Шакеев соло концертін өткізбек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыка кеңістігінде айрықша қолтаңбасы бар, жарты ғасырға жуық ғұмырында өзіндік стилін қалыптастырған Еркеш Шакеевті білмейтін жан кемде кем шығар. Шығармашылық жолында сапалы музыка жасауды мақсат еткен композитор 27 ақпан күні көрерменімен қауышпақ!

Еркеш Шакеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші:

2 жыл бойы ақын-жазушылар Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдеріне музыка жаздым. Міне солай жаңа туындыларды дүниеге әкелдім. Сол үшін де осыған дейін концерт бермедім.

 

Концертте ұлы тұлғалардың туындылары жаңа интерпретацияда ұсынылып, тұсауы кесілмек. Бірақ артистің тосынсыйы бұнымен таусылмайды.

Еркеш Шакеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші:

Концерттің үшінші бөлімінде Батырхан Шөкенов, А студио, Дуэтэль, Парвис Назаров, Мюзиколла әндері шырқалады. Ол туындыларды біз көрерменмен бірге орындайтын боламыз.

 

Композитордың әндері көбіне махаббат пен өмірдің мәні жайлы толғаныстарға толы. Бүгінде өнер иесінің 1000 ға жуық туындысы бар. Айта кетейік, ол жер жаһанға белгілі London Symphony оркестрімен10-нан астам композицияны дүниеге әкелген.

Сіздің әндеріңізді тек елімізде ғана емес, шетелде де тыңдайды ғой. Сондықтан да алдағы уақытта шетелде концерт беру жоспарда жоқ па?

Еркеш Шакеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші:

Ондай жоспар бар. Шетелде мен екі концерт істедім. Лондонда сосын екі рет международный фестиваль композиторов деген ашылған и жабылған менің композицияларыммен.

Еркеш Шакеев әндері әлемнің түкпір-түкпірінде шырқалып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген артистің бірі. Алайда ол шығармашылық тоқырау кезеңдерді де басынан кешкен. Тіпті кей кездері өнерден кетуге шешіде қабылдаған-ды.

Еркеш Шакеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші:

Мен бір жылы өнерден кеткенімде, банк қызметкері болып қызметкері болып жұмыс істедім. Сол кезде тұңғышым дүниеге келіп, оны аяққа тұрғызу керек болды. Бірақ кейін шығармашылығымды қайта қолға алдым. Менде сахнадан біржолата кету жайлы ойлар жиі болып тұрады. Себебі жиі күйзеліске ұшыраймын.

Өнер иесінің шығармашылық кеші Алматы театрында өтпек. Еркеш Шакеевтің туындыларын симфониялық оркестрмен жанды дауыста орындап, тыңдарманын қуантпақ. Аспаптар труппасына Аян Амангельдинов дирижерлік етеді.

Аян Амангельдинов, дирижёр:

Еркеш ағаның репетицияларында вайб басқалай. Андай бір орысша айтқандай домашний вайб дейді ғой. Еркеш аға өте өте Оңтүстік Кореядан Қазақстанға қайтқандағы сол күннен бастап, мен Еркеш ағаның шәкірті ретінде өзімді есептеймін деп айта аламын.

 

Еркеш Шакеев жай ғана орындаушы, композитор ғана емес, еліміздің музыка индустриясының дамуына үлкен үлес қосқан жандардың бірі әрі бірегейі. Ендеше артистің әуезді әнін тыңдап, ғажайып атмосфераға толы концерттің куәсі болыңыз, көрермен!

Еркеш Шакеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші:

Нағыз артист өз өмірін адамдарға қызмет етуге арнаған адам. Ол тыңдарманды тек қуанышқа бөлеп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына әсер етуі қажет. Міне шығармашылықпын айналысатын адамның миссиясы осындай болуы қажет.