8-наурыз күні арулар ерекше сый күтетіні жасырын емес. Сондықтан серілер бұл мерекеде жақындарын қуантуға асығады. Биыл қандай тарту трендте? Жұлдыздар жарларын қалай таңғалдырмақ?
Назгүл Қарабалина, актриса:
– Азамат ағадан не күтесіз?
– Азамат ағаңыз аман болсын. Басқа ештеңе керек емес. Тек наурызда емес, күн сайын бақытты етіп отыр. Соның өзі жеткілікті.
Бір жылдары жарына соңғы үлгідегі көлік сыйлаған Сатыбалды мырза биыл да аянып қалмақ емес. Назгүл Қарабалина ханым мерекеде тағы бір темір тұлпардың иесі атанатын сыңайлы.
Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Осы жылға тапсырыс бар ма? Назгүл ханымнан?
– Бағана сыбырлап айтты. Мен айттым «Мама» фильмі жақсы шықса бұдан да жақсы темір тұлпар сыйлаймын дедім.
Жұлдызды жұп Есентай мен Разиядан да сұрадық. Сөйтсек блогер-арудың уиш-листі бос екен. Себебі,
Razziywa, блогер:
– Бұл әйелдер күні. Мені күйеуім қалай қуантқысы келсе де соған разы боламын.
Осылай деген Разиюша бірнеше уақыттан соң ағынан жарылды. Қысқасы Есентайдан күтетін сыйы мынадай:
Razziywa, блогер:
– Мальдивқа жолдама
Алайда Есентай бұл қалауынан бейхабар сыңайлы. Десе де тосын сыймен қуантамын дейді. Таңдауы Разияның ойымен сай келеді деп үміттенейік.
Есентай Ниязбаев, блогер:
– Отбасымыз креативке бай. Өзімнің жоспарым бар. Соны орындап сыйлық бергім келеді.
Фариза Ескермес 8-наурызбен бас қатырып жүрген жоқ. Себебі, бар уайымы мынада:
Фариза Ескермес, актриса:
– Үйдің жөндеу жұмыстарына ақша. Ремонт бітпей жатыр.
Қызымыз қоныс той жасайтын күнді асыға күтіп жүрген сыңайлы. Ендеше Андрей мырзаның құлағына алтын сырға дейміз. Сауалымызды Тәуекел Мүсілімге деп жолдадық. Қазақстандық қыздардың арманына айналған сері жары мен анасына бірдей сый ұсынбақ.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– Анама өзіне күтім жасауға қажетті заттарға сертифиткат. Мүмкін сертифиткат. Сондай сыйлық жасаймыз. Жарыма да дәл солай. Анам бар, әпкем бар, Махаббат бар сосын тәтем бар. Сол кісілерге бірдей қылып береміз.
Аяу да уиш лист жазып әуреленбеген. Бірақ күтпеген сыйдан дәмелі екенін жасырмады.
Ayau, музыкант:
– Маған ақшалай алған ұнамайды. Кез-келген сыйлық алған кезде ойланып, сол кісіні еске түсіріп алу керек сыңайлы. Сондықтан да хат болса да, қатты қымбат болмаса да бастысы жүрекпен жасалған сыйлық.
Салтанат ханым да осындай пікірде. Бастысы жолдасым бұл күні ескерусіз қалдырмайды дейді.
Салтанат Бақаева, актриса:
– Тізім жоқ. Жолдасым екеуіміз ондай жастан өтіп кеттік. Әрине, мұндай мерекеде барлық әйел жандарға гүлін сыйлайды. Отабсымыздағы бүкіл қыздарды мейрамханаға шақырады. Сөйтіп жақсы уақыт өткіземіз.
Мерекеге санаулы күн қалды. Кімнің қандай жоспары мен қалауы барын білдік. Енді 8 - наурыз күні қай серінің қаншалықты мәрт екеніне куә болайық.