Жас таланттардың халықаралық музыка байқауында бастау алған таныстығы, шығармашылық ұжымға ұласады. Осылайша, «Жігіттер» квартеті ресми түрде өз жұмысын 2003 жылы бастайды. Өнерпаздар содан бері «кеш өткізген сайын көрерменге әзілмен қалай құрылғанымызды еске салып, тіпті қай уақыт екеніне дейін айтып отырамыз» - дейді .
Қоржындарындағы ең алғашқы «Ерке қыз» туындысы топтың танымал болуына үлкен себеп болған. Осы әнге бейнебаян түсірген соң, оңтүстіктің серілері мәдени астанамыз – Алматыда шығармашылық жолдарын жалғастырған-ды.
Мырзахан Маханов, «Жігіттер» квартетінің солисі:
– 23 жыл деген зу етіп өте шықты кеше ғана сияқты еді. Дайындықтарымыз жақсы, кеше біраз облыстарды. Он қаланы аралап қайттық. Сол бізге біраз дайындық болды. Енді қобалжу деген 100 пайыздан бір 10-15 пайыз міндетті түрде болады.
23 жыл «тай-құлындай шабысып» бірге жүрген құрамның 80-нен аса әні, 10-ға жуық бейнебаяны бар. Шығармашылық ұжым «Концертке дайындық процесінде бізге ең қиыны- ән таңдау» - дейді. Осыған байланысты, топ мүшелері мен продюсер арасында түрлі келіспеушіліктер туындаған.
Айдар Тұрғанбек, «Жігіттер» квартетінің солисі:
– Бізде сол ең қиыны репертуар таңдау. Өйткені біздің продюсермен менің ойым келіспейді, әнге байланысты. Сондықтан өте қиын болды. Жаңа осыға шығарға дейін таңдап, әне-міне дегенше тағы келіспей қалдық. Көбінесе ескі, есті әндері болады.
Алайда, «Жігіттер» кватреті үшін мұндай пікірталас қалыпты жағдай. Продюсерлерінің айтуынша, «басты мақсатымыз – халықтың сұранысында жүрген, көп тыңдайтын әндерді ұсыну-дейді.
Ерғали Әбдірайымов, продюсер:
– Қатты шектен шықпайды, бірақ адам болғаннан кейін, пенде болғаннан кейін кейбір кезде келіспеушіліктер болып қалады.
Байқампаз көрермен бұрыннан құрамдағы Айдардың үнемі биімен ел аузында жүретінін біледі, бірақ ол осы жолы эстафетаны Ердос Қанаевқа жолдаса керек. Себебі,
Кеш барысында солистер туралы арнайы бейнероликтер көрсетілді. Онда өнер иелері бір-бірі жайлы қызықты естеліктерімен бөлісті. Кейін топ мүшелері сахнаға жеке-жеке шығып, өз репертуарындағы әндерін орындады.
Айдар Тұрғанбек, «Жігіттер» квартетінің солисі:
– Төрт кезеңге бөлінеді. Махаббат, ретро, халық әндері блогы және жеке орындайтын шығармалар.
Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» квартетінің солисі:
– «Сіздер тек қана келесіздер, киімдеріңізді кигіземіз. Сахнада әндеріңізді айтасыздар. Қалғандарының бәрі біздің шаруа!» - деп, солай тапсырманы өздері алды, тапсырманы бізге берді. Өзіңіз көргендей келдік, сахнаға шықтық әнімізді айттық. Келдік сұқбат беріп жатырмыз.
Айта кетейік, соңғы жылдары «Жігіттер» квартеті сахнадан сирек көріне бастаған. Себебін сұрадық:
Ердос Қанаев, «Жігіттер» квартетінің солисі:
– Енді оның үстіне біз концерт бермегенімізге бір 2-3 жылдың да уақыт өтіп кетті. Сондықтан әйтеуір көп көрінбесең, тез ұмытыласың ғой.
Сағынышқа толы кеш «Жігіттер» квартеті үшін де, тыңдарман үшін де ерекше кездесу болды. Топ ұжымы концертті «Атамекен» әнімен аяқтап, алдағы уақытта көрерменмен жиі жүздесуге уәде берді.