«Таптым-ау сені» – 2023 жылдан бері көрерменнің ыстық ықыласына бөленген, тіпті халық арасында талқы мен пікірталас тудырған туынды. Дариға ханымның кассалық рекордын әлі күнге дейін ешбір картина жаңарта алмай келеді. Сол қызығушылықтың арқасында фильмнің жалғасы жарыққа шығып, алғаш рет Лос-Анджелесте көрсетілді.
Олжас Абай актер, кинопродюсер
- Келіссөздің барлығын Дариға ханым жүргізді. Менікі сол творчество жағы ғой. Ол жақта да қазақтар тұрады екен 3 мыңнан аса. Жалпы жұмыс істеп жатқан жігіттер-қыздар келіп көрді. Бағасын берді рахметін айтты. Киноны көріп ауылға саяхаттап барғандай болдық, ата-анамызды, сіздерді сағынып кеттік деп өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Дариға Бадықоваға Голливудтағы үрдіс ұнап қалса керек. Әр лентасының жабық көрсетілімінде мыңдаған адамның басын қосатын ол, осы жолы тек 100 адамды шақырған. «Сырымды білмесе де, шынымды білетін жақындарымды ғана көргім келді» - дейді.
Дариға Бадықова актриса, кинопродюсер
- Ең көп гонорар кімде болды, актерлер мен актрисалардың ішінде?
Олжас Абайда болды. Негізінде екеуміз бірге продюсерлік етіп отырмыз ғой. Бірақ дегенмен актерлердің ішінде Олжас Абайдың қаламақысы үлкен.
-
Ең жас актер бар, сіздердің балаларыңызды сомдайтын.
Иә, баламызды сомдайтын актер бар, құр қолға бата жүрмейді деп, ол актерға да өзінің үлесін бердік.
Бірінші бөлімнен-ақ Алқа образымен есте қалған Салтанат Құдайберген, бұл жолы кейіпкерін ашу үшін түрлі эксперименттер жасаған. «Өзімді жаңа амплуада танытқым келді», - дейді актриса.
Салтанат Құдайберген, актриса
- Негізі өз басым жақсы көремін эксперименттерді. Сондықтан да әдемі емес болып көрінуге мен ешқашан да қорықпаймын. Негізі Алқа осы жолы таза алқаш болып тұр, негізінде.
Алма Қалмұқанова, актриса
- Айнагүл в своем репертуаре. Бәрібір ол келіп өзінің бауырын бәрібір келінінен артық көріп, енді сондай ғой енді. Бірақ соңында Сәуленің жақсылығын, Сәуленің мықтылығын мойындайды осы жолы.
Туындының бюджеті – 130 миллион теңге. 3-бөлімнің каст тізімінде аса өзгеріс жоқ. Продюсерлердің айтуынша, «Негізгі назарымыз тұрақты кейіпкерлерді жаңа қырынан көрсетуге бағытталды», – дейді.
Олжас Абай актер, кинопродюсер
- Мальдив аралдарында жатқан кезде «Сен керексің» әні шыққан болатын жарыққа. Сол кезде сол әнге көптеген пародиялар, бейнебаяндар жасалып кетті. Сол кезде айттым «давай осы әнге жаңағы, осы жолғы киноның маркетингін халық өзі жасасын. Біз болсақ сый сияпатымызды жасайық», - деп.
Оқиға Жексеннің баласына той жасап бермек болып, ақша табу үшін ұрлық жасауымен басталады. Фильмнің желісі әрі қарай қалай өрбитінін білгіңіз келсе, кинотеатрға асығыңыз. Айтпақшы, танымал франшизаның жалғасы жайлы да сұрадық.
Дариға Бадықова актриса, кинопродюсер
- Осымен аяқталады ма фильм, әлде жалғасын таба ма?
- Осымен аяқталады фильм, жалғасы болмайды, бірақ бір 10 жылдан кейін жалғастыру деген. Өйткені орта жасқа келгенде өмірлері қалай болды, балалары өсті ма? Ары қарай қандай болды отбасы деген сияқты. Бір 10 жылдан кейін жалғастырамын.
Көрермен көзайымына айналған «Таптым-ау сені 3» толықметрі үлкен экранға жол тартты. Осыған орай біз, Дариға Бадықованың алдағы жобалары шетелде тек жабық көрсетіліммен шектелмей, Голливуд деңгейінде танылсын деп тілейміз!
Индира Сабирова, актриса
- Әрбір әйел жанының бір сүйіп көретін фильміне айналады деп ойлаймын.
Мереке Қалбаева, әзілкеш, актриса
- «Таптым-ау сені» бірден де, екіден де осы үш маған өте қатты ұнады.