Comeback жасаған Айдана Меденованы халық неге қабылдамай жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жүрегінің қалауына құлақ асқан Айдана Меденова ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралатынын айтып, жақында ғана сүйіншілеген еді. Алайда, әншінің бұл шешімін қуана қабылдағандар да, тіпті жасыратыны жоқ, даттағандар да болды. «Жанкүйерлерім мен әріптестерімнің қолдауы жаман пікірлердің қарасын сейілтті», – дейді өнерпаз.

Айдана Меденова, әнші

- Бір шыққан беттен бәрі маған әнімді айтып, маған қолдау көрсетіп. Енді көрініп тұр да адамдардан маған қолдау көрсеткісі келетінін. Оны мен көремін, сеземін мен үшін үлкен қуаныш.

Еңбек жолындағы жұмысын тоқтатуынан бөлек, барлық платформалардағы ескі бейнебаяндары мен тректерінің өшірілуі, тыңдарман үшін жауабы жоқ сұрақ болып қалды. Сахна сұлуының жаңа туындылары шыққан күннен-ақ мотивациялық бағытта екенін, осы жолы көзі қырақты көрермен бірден байқады. Өнер иесі сол үрдісті жалғастырып, 5 сәуір су жаңа релизін ұсынбақ ниетті.

Айдана Меденова, әнші

- Бұл әнге ерекше подходпен келдік. Менің өмірімнен алынған тарих сияқты болды. Әні заманауи болса да, сөздері өте салмақты. Ертең көп қыздардың әнұраны болады деген сенімдемін.

Бүгінде Айдана Меденова соло шығармашылығына білек сыбана кіріскен. Үш жыл бойы тек отбасына көңіл бөлген артист, қазір студия мен түсірілімнің арасында шапқылап жүр.

Айдана Меденова, әнші

- Үлкен команда жұмыс істеп жатыр, 60 шақты адам ат салысып жатыр. Ақсұлтан Қалиев деген сондай профессионал соның командасы, менің жерлесім айтпақшы. Бұл әннің де создателі, әннің сөзін жазған.

Бұдан бөлек Меденова релиздің жарнамасын жасауды да өз қолына алған. Әлеуметтік желіден көргеніміздей, Әнел Кенжебекова бастаған блогерлер мен Ғазизхан Шекербеков, Кенжебек Жанәбілов қостап жүрген ағаларының үйлерін жеке-жеке аралап, тректің танымал болуына барын салып жүр.

Айдана Меденова, әнші

- «Мама байып кетем» әнін где то бір ай өңдеген шығар. Барлық детальдарын, мен өзім сондай шипитильная адаммын. Сондықтан әр нотасына, әр свидениясына өте қатты мән беремін.

Айдана Меденова өнерден кеткен жылдардың орнын толтыру үшін әлі көп жұмыстар атқару керегін айтады. «Тек халықтың көзқарасы жақсы болса екен», – дейді музыкант.

Айдана Меденова, әнші

- Жалпы Айдана Меденова брендін дамытуға үлес қосатын үлкен команда бар. Енді бәріміз солай жұмыс істейін деп жатырмыз.