Баян Мақсатқызы Голливудта фильм түсірді. Танымал продюсер бұл жолы да туындысы арқылы қоғамдағы өзекті мәселені қозғамақ. Айтуынша, аталмыш картина тұрмыстық-зорлық зомбылық тақырыбына арналған соңғы толықметрі болмақ. Еске салсақ, Алагөзова бұған дейін «Бақыт», «Жауап бер» ленталары арқылы отбасындағы қатігездік жайлы ащы шындықты көрсеткен.
Баян Мақсатқызы, продюсер
- Америкада түсірілді. Бұл қарапайым әйел жайлы. Ол туып-өскен елінен кетіп ауыр жүк көлігінің рөліне отырады. Таңғажайып оқиға көрерменді бей-жай қалдырмасы анық.
Түсірілім тобы да кастқа таңдалған актерлер де шетелдіктер. Тек басты рөл отандық актриса Дариға Бадықоваға бұйырған. Айтпақшы, бір кездері Snoop Dogg-пен коллаб жасаған Алагөзова бұл жолы голливудтық танымалды толықметріне түсірді деп болжап жатқан көрермен көп.
Баян Мақсатқызы, продюсер
- Кастқа таңдалған әлемдік танымалдар бар ма?
- Бұл ақпарат құпия болып қалсын.Уақыты келгенде хабарлаймыз.
Дариға Бадықова, актриса
- Енді Америка өте таңқалдырды, десе де Голивуд. Десе де кино отанының зауыты деуге болады. Өте керемет күшті болды. Ол кісілер бізден алды, біз ол кісілерден алдық көп нәрсені. Сондай бір тәжірибе болды деп ойлаймын. Киноның желісі жалпы қазақтың әрбір қызының сондай бір шешім қабылдауы, өмірге бейімділігі соның барлығы сол фильмде көрсетіледі.
Продюсер Баян Максатқызы бұл жобаға тыңғылықты әрі ұзақ дайындалдық дейді. Алайда өзі Америкаға барып, түсірілім жұмыстарын тікелей қадағалай алмаған. Себебін былай түсіндірді.
Баян Мақсатқызы, продюсер
- Басқа елден енді келдім. Қазақстандағы жобаларға көңіл бөлу қажет болғандықтан қазір түсірілім жұмыстары үшін Америкаға бара алмаймын. Оның үстіне екі кішкентай қызым барын білесіздер оларды тастап кете алмаймын.
Фильмнің атауы - «What is ҰЯТ?» Продюсер толықметрді күзде жарыққа шығармақ. Желісі «шетелде түсірілген басқа жобаларға ұқсамайды», - дейді Мақсатқызы. Расында да ерекше жоба бола ма, әлде тізімде көп киноның біріне айнала ма? Ол уақыт еншісінде!