«Өзіме көп алып қойдым!» Ғазизхан Шекербек өкінішін жеткізді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Оның жеке кеші тек қошеметпен ғана емес, өнердегі әріптестерінің ақжарма тілегімен толықты. Бұған дейін, шағын кеңістікте концерт өткізіп жүрген Ғазизхан Шекербек, биыл 36 жасын үлкен аренада атап өтуді жөн көрген-ді. Десе де, композитор «мұндай жауапкершіліктің салмағы тым ауыр болады деп, ойламадым»,- дейді.

Ғазизхан Шекербек, әнші, композитор:

Енді ондай болады, әрине болады. Қай жаққа кетіп бара жатырмын дедім ғой мен. Мәссаған өзіме көп алып қойған жоқпын ба дедім ғой. Бірақ, шүкір қорықпауға болады екен.

 

Қолдаушы шоу-бизнес өкілдерінің де қарасы аз болмады. Өнерде де, өмірде де сыйластығы жарасқанымен, көп жағдайда інілерінің есеп беру кештерінен көріне бермейтін Мейрамбек Беспаев, сахнаға көтеріліп, інісімен бірге ән шырқады.

Мейрамбек Бесбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Ғазизханмен досым, бауырым 1-2 дуэттеріміз бар. Гастрольдегі сапарласым. Тығыз байланыста жүрген бауырым болғаннан кейін қалай келмеске. Сондықтан келіп бүгін, сондай қуанышты атмосфераны көріп, сондай марқайып тұрмын.

 

Кеш тізгінін стендапер Жансая Мұратбек ұстады. Ол қолқа салған ағасының ұсынысын бірден қабыл алған. Сол сәтте төбесі көкке жеткендей күйде болғанын да жасырмады.

12 мың адамды күлдіру қалай қиын болып жатқан жоқ па?

Жансая Мұратбекқызы, стендапер:

Уайымдадым әрине, бұл менің алғашқы бұлай шығуым. Жалғыз өзім әрине. Аға концертіне уайымдап жүрсе, мен бір 10 минутыма уайымдап әйтеуір шыққанша. Бірақ, барлығы сәтті болған сияқты. Өзіме ең соңындағы ағаны туған күнімен арена болып құттықтаған сәт қатты ұнады.

 

Талай хит әндердің авторы, тіпті кей туындыларын әріптестеріне тегін тарту ететін Ғазизхан Шекербек, сыйлықтан да кенде қалмады. Ұстазы - Секен Тұрысбек домбырасын бері. Ал ең ерекше сәттердің бірі – ат терлетіп Испаниядан арнайы келген хореограф-бишінің өнері болды.

Виктор Рамос, хореограф (Испания):

Мен мұнда 5 күн ұшып келдім. Бар болғаны 3 минут үшін, осынша жол жүру біреуге дұрыс емес көрінуі мүмкін.Бірақ, мен үшін қанша уақыт екені маңызды емес. Ең бастысы, осы 3 минутта қолымнан келгеннің бәрін жасап, барымды салып, көрерменге ең үздік өнерімді көрсету.

 

Әнші трек-листтегі 29 тректің барлығын бэндтің сүйемелдеуімен жанды дауыста орындады. 2,5 сағат бойы тыңдарманымен қосыла ән шырқап, нағыз кәбилігін көрсетті.

Ғазизхан Шекербек, әнші, композитор:

Білмеймін мен енді концерттен кейінгі сезімім түсініксіз болып тұрады. Үнемі түсіне алмай жүремін, біраз уақытқа дейін. Сосын барып сезінемін. Қазір не айтатынымды білмеймін, әлі не істеп не қойғанымды түсінген жоқпын.

 

«Сұранысы жоғары әншілермен бәсекеге түсіп, композитор болсам да үлкен алаңды толтыра алатынымды дәлелдедім»,-дейді өнерпаз. Алаңға жиналған 10 мың адамның ыстық ықыласы, оның осы сөзінің айқын дәлелі болды.

Әлішер Бұрхан, продюсер:

Ғазизхан Шекербеков ағамыздың концерті өте керемет деңгейде өтіп жатыр. Бүкіл әніне халық қосылып айтып тұр. Ол өте қуанышты жағдай.

Мақсат Сәбитов, актер:

Ең бастысы творчествосына кәдімгідей үлкен құрметпен құлай қараймын десем болады. Концерт керемет. Жанды дауыс Ғазизхан өзінің репертуарында

 

Автор: А. Сауытбек