Мәди Рымбаев өзін «SALSERI» атымен таныстырд

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақтың примадоннасы Роза Қуанышқызының кенжесі Мәди Рымбаев көпшілікке өзінің альтерэгосын таныстырды! Енді ол 10 жыл бұрын басталған шығармашылық жолын «SALSERI» атымен жалғастырмақ. Оған бұл идея 1 жарым жыл бұрын келген-ді. Алайда...

Мәди Рымбаев a.k.a SALSERI, музыкант:

Ең бірінші ой мен атымды ауыстырсам, мен ата- тегімді сатқандай боламын деп қорыққанмын. Бірақ, ол олай емес. Мен адам ретінде ешқалай өзгермедім. Бұл да жол ғой, бұл да прогресс, бұл да қозғалыс.

 

Артистің айтуынша, Мәди бұл есімді достарымен ойлап тапқан. Ол сал және сері деген қазақтың көне сөздерін қосып, ерекше лақап атпен танылуды көздеген-ді. Сонымен қатар, оның бұл шешімге келуіне, көпшіліктің оны жеке тұлға емес, непо-бэйби ретінде тануында екен.

Мәди Рымбаев a.k.a SALSERI, музыкант:

Менің ең белсенді оқырмандарым сол негативті жаман пікір жазатын жандар болды, өкінішке қарай. Бұл да бір бірнәрсе өзгертуге, жаңа бір профайл ашуға немесе жаңа бір лақап ат алуға бір себеп болды.

 

Салсеріге бұл шешімді қабылдау оңай болмағаны сонша, ол әлі де жақындарымен бұл жаңалықты бөлісуге батылы жетпеген.

Мәди Рымбаев a.k.a SALSERI, музыкант:

Ағама мен айтпадым. Анама жай былай дастархан алдында шай ішіп отырған кезде мен сол «Мен атымды өзгертемін!» -деп айтқан болатынмын. Ол мені толықтай түсініп, ешбір қарсылық білдірген жоқ.

 

Жаңа есім! Жаңа бағыт! Мәди жаңа атпен бірге ән айту стилін де өзгертуге бел буған. Музыкант репертуарымды бір емес, бірнеше жанрмен толықтырамын дейді.

Мәди Рымбаев a.k.a SALSERI, музыкант:

Мысалы, сәл рэпке жақындау жанрларды көріп жатырмын және жаңа шығатын әнім, жанрдың аты Нью-джек-свинг деп аталады. Бұл негізі Майкл Джексон, Бруно Марс, Боби Браун деген мықты әртістердің музыкалық бағыты деп айтсақ болады.

 

Осы сәтті пайдаланып, біз Мәдиден әлі жарық көріп үлгермеген «Бір өзіңе» атты релизінің үзіндісін тыңдатуды өтініп көрдік.

Өнерлі отбасында дүниеге келген музыкант тек әннің сапасына ғана емес, оны халыққа әдемі ұсыну жолына да аса мән береді. Тіпті ол сөз арасында әріптестерін де осы тұрғыдағы жұмысын сынап та үлгерді.

Мәди Рымбаев a.k.a SALSERI, музыкант:

Мен қазір, әр әніме би қойып жатырмын. Қазіргі уақытта негізі мүлде шоу азайып кетті, би жоқ. Әртістердің көбі өз-өздерін сахнада дұрыс ұстай алмайды. Шоу керек. Қимылдау керек. Сол үшін осындай әндерді жазып жатырмын биге жақын.

 

Сал сері әзірге альбом жазуға асықпайды. Оның қазіргі таңдағы жоспары өзін тыңдайтын фан-база қалыптастырып, репертуарын жаңа туындылармен толықтыру. Сонымен қатар...

Мәди Рымбаев a.k.a SALSERI, музыкант:

Әрине мен жалпы біздің елімізді аралағым келеді. Өйткені 10 жыл болд мен әлі өзімнің шығармашылығыммен былай дұрыстап ел араламадым.

 

Автор: Ш. Құсаинова