Композиторлар әншілердің гонорарына қанық. Содан да болар бір әнге бір реттік төлем алатын сазгерлер авторлар бағаланбайды деп ренжулі. Бәріне топырақ шашпаймыз. Бірақ біз микрофон ұсынған Қуат ӘБіл осындай өкпесін жеткізді.
– Қаншалықты сіздің еңбек ақталуда дейікші композиторлардың?
Қуат Әбіл, композитор:
– Мен осы наәрсені көп жерде айтқым келеді, бізде авторлар бағаланбайды! Оның ішінде ақындар бар, композиторлар бар, жазушылар бар. Бізде авторлар бағаланбайды. Себебі, олар тасада. Әншілердің қалай жұмыс істейтінін білеміз, олардың райдерін білеміз
Қуат Әбіл мен Баян Сұлудың арасындағы жанжал кезінде әнші композитордың 15 млн талап еткенін айтқан еді. Содан да болар көпшілік авторлардың гонорары осынша қомақты деп ойлауда. Ал расында композиторлардың қаламақысы қанша?
Қуат Әбіл, композитор:
– Біздің отандық нарықта композиторлардың гонорары қанша? Шамалап айтайықшы..
– Енді аға буын бар, мысалы ақындардан Қалқаман Сарин, Ринат Зайытов, Талант Арғынғали, Асқар Дүйсембин көп. Композиторрлардан Лұқпан ағамыз бар.
– А тізімі дейікші, қанша?
– Бұлардың әрқайсысы әртүрлі. Біреуі 3000 доллар, біреуі 5000 доллар, біреуі 1000 доллар. Әркім әртүрлі бағалайды ғой өзін.
– Халық ойлап жатыр, Қуат Әбіл 15 млндап ақша алады екенн деп. Расында олай емес қой.
– Олай емес. Менің өзім 3-5 мың доллар аралығында жазамын.
Қуат Әбіл шетелдік мамандарға да ән жазғанмын дейді. Әңгімесіне зер салсақ ондағы қаламақы қомақты сыңайлы.
Қуат Әбіл, композитор:
– Мен тек Қазақстанда емес, Америкаға жазғанмын, Нью-Йоркке, Азербайжанға жазғанмын, Арменияға жазғанмын. Халықаралық нарықтағы әншілермен де жұмыс жасаймын. Ол жақта баға басқа.
– Көбірек пе? Бағалана ма мамандар?
-
Көп, ал бізде олай бағалданбайды!
Композитор талай әншіге тегін ән ұсынғанын да айтып қалды.
– 5 ән жазылса, нешеуі сыйлыққа беріледі?
Қуат Әбіл, композитор:
– 5 әннің 5еуін де тегін берем негізі.
– Сосын рақметін айта ма?
– Иә, әндері өтіп, қаралым жинап жатса өздері келеді. Біреулер келеді мүмкіндігім болмай жатыр, шамалы көмектесесің бе деп. Ондай көп болған енді, жұмыс болған соң болады ғой.
Айтқаныңыз рас болса, әншілер мен продюсерлердің құлағына алтын сырға дейміз.
Автор: Д. Қыдырбек