Жанар Дұғалова тұрмысқа шығып, уақытқа сахнадан алыстаса да әрдайым праймда жүретін бірден бір артист. Себебі ол вокалдық шеберлігімен талайды тамсандырып, халықаралық жобаларларда да өзін мойындатқан әнші. Білуімізше, музыканттың соло кешіне баратын күндер де алыс емес-ті:
– Тыңдарманды қуантып, алдағы уақытта концерт беретін жоспарыңыз бар ма?
– Құдай қаласа, иә. Өйткені көптеген көрермен күтеді деп айтсам болады. Күнде күнде «Жанар ханым, концерт беріңізші» - деп жазып жатыр. Ұйымдастырушылардың көбісінен осындай ұсыныстар келді. Сондықтан да, иә күтіңіздер.
Иә, бүгінде Жанар Дұғалова шығармашылығына белсене кіріскен. Композитор жаңа әндерін дайындап, тіпті Шизамен фит жазып та үлгерді. Асхат Жолшиевке репертуарындағы тректі Жанармен бірге орындауға Беу фест ұйымдастырушылары ұсыныс тастаған-ды.
Жанар Дұғалова, музыкант:
– Мен әрине, қуана-қуана қабылдадым. Өйткені, Shiza-ның өнерін бағалаймын, құрметтеймін.
– Кез-келген адаммен фит жаза бермейтініңізді білеміз ғой. Алдағы уақытта кімдермен фит жазғыңыз келеді?
– Негізі жас буыннан маған көптеген ұсыныстар келіп жатады. Енді уақыттың тығыздығына байланысты, өзімнің гастрольдік іс-сапарларыма байланысты қолым тие бермейді. Бірақ бір-екі әртістермен жақында фит болады:
– Кімдермен?
– Әзірге айта алмаймын. Бүгін міне көрдіңіздер!
5 жыл қатарынан заманауи өнерді арқау еткен талантты жастарды жинайтын Беу фесттің биылғы хэдлайнері – Жанар Дұғалова! Артистің перфомансы көпті таңдандырып қана қоймай, сахнада өз орны бар тұлға екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жанар Дұғалова, музыкант:
– Жалпы бұл фестивальге менің бірінші рет қатысуым. Қатты ұнап жатыр. Тек көрермендермен ғана емес, әріптестеріңмен жүздесесің. Жаңа мысалы Еңлік деген керемет қызымызды көріп қалдым. «Жанар ханым, мен сіздің фанатыңызбын, өнеріңізді қатты бағалаймын!» -деген сөзі маған жүрегіме сондай бір жылу берді.
Фестивальдің лайнапы бірсарынды стильде ән айтатын әншгілерден тұрмайды. Керісінше, жоба ұйымдастырушылары әртүрлі жанрдың үздіктерін бір алаңға тоғыстырған десек, артық айтқанымыз емес.
– Жалпы фестивальді таңдағанда гонарарға көңіл бөлесіз ба , лайн апқа көңіл бөлесіз ба?
M’Dee, музыкант:
– Мен енді отбасылы адаммын, сол үшін таңдамай, мені қайда шақырады сол жерге барып өнер көрсетемін. Себебі жанұямды асырауым керек.
Ayau, музыкант:
– Фестивальдің қаншалықты професионалды тұрғыда жақсы жүретініне және де репутациясына қараймыз деп айта аламын.
– Райдеріңіз бар ма?
– Әрине бар. Бірақ ода бәрі қарапайым нәрселер. Сол ойлап тұрмын мүмкін райдеріме картоп, сәбіз дегендерді алып, азық-түлікті үйіме тасимын-ау деймін...
Қазақстанда өтетін ауқымды шаралар тек еліміздің артистерінің ғана емес, көршілес мемлекеттердің таланттарына да өздерін кеңінен танытуға мүмкіндік беретін бірден-бір алаң. Сол үшін де Меирбек Атабеков, Улукманапо сынды музыканттар әр келген сайын еліміздің тыңдармандарына алғыс айтудан шаршамайды
Ulukmanapo, музыкант, (Қырғызстан)
– Қазақстан менің екінші отаным. Бұл жерде үнемі бізді қазақ бауырларымыз қарсы алады. Баршаңызға рақмет. Біз бұл жерде өзімізді үйдегідей сезінеміз.
Ал кештің тізгіні танымал блогерлер Жека мен Сабиркинде болды. Желі жұлдыздарының бұл коллабы көптің көңілінен шықты.
Автор: Ш. Құсаинова