12 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Пикник by Partners», биыл да мыңдаған адамның басын қосты.
Ержан Мухатаев, тележүргізуші:
– Байланысты ғой енді. 2-3 рет келіп тұрамыз. Биыл кішкене өзгерген сияқты, територия кішкене қысқарған сияқты, менің ойымша, жалпы ұнайды, ұнаған соң келіп тұрамыз.
Алматылық элита жиналған опун-эйрде жұлдызды қонақтар да жетерлік. Өнер өкілдеріне ұйымдастырушылар арнайы vip зона, лаундж бар және демалатын жеке орын әзірленген.
Айнұр Ілиясова актриса, продюсер:
– Негізі барлығы тамаша, енді Алматылықтар пикниктерді көріп жүр талайын. Бірақ, дегенмен сағынған сияқты, әйтеуір елдің барлығы әрбір зонаға келіп қарап, қатысып сөйтіп жатыр негізі осындай шаралар жақсы ғой...
Жыл сайын ескуайр пикник жаңа тренд қалыптастырады. Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі - оның концепциясын жасанды интеллект әзірлегендігінде. Бұл заманауи бағыт келген қонақтардың ерекше стильдерінен де байқалды.
Көрермен пікірі:
– Бұл іс-шара бізді шабыттандырды осылай киінуге және бізге қатты ұнап жатыр. Біз арнайы дайындалып келдік, Коачелла вайбымен келетіндей. Күшті дайындалып келгенбіз.
Кеш хедлайнері – Тамби Масаев. ТМД-ға танымал стендап-комиктің әзілдері мен еркін сұхбаты кештің көркін арттыра түсті.
Омар Алиев, полиглот, блогер:
– Мұндай шара жазда 2-3 рет ұйымдастырылу керек деп ойлаймын. Артықшылығы өте көп. Орта қалыптастырасың, жаңа таныстық, ой-өрісіңнің өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, байқаулар ұйымдастырып, шетелге жолдама да ойнатып жатыр екен.
Дәстүрлі жиын болса да, биылғы пикникке алғаш рет табан тіреген танымалдар да аз болмады.
Бақытжан Акбаров, блогер
– Көңіл күйім керемет, қаладан негізі күшті көңіл-күймен келе жатырмын. Мына жерді көріп, күшті болып тұрмын. Еркіндік сезіліп тұр ғой.
Креативті индустрия жылдан-жылға өсуде. Былтыр фестиваль 7 500 адамды жинаса, осы жылғы келушілер саны 10 мыңнан асқан.
Рауан Романи, актер:
– Қалаға үлкен әсер береді. Бұл бір жағынан нетуоркинг, бір жағынан осындай культура салт-дәстүрді дамыту негізі, жиі болып тұрғаны дұрыс. Бұл үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырған енді жоба ғой. Осындай жобалар көп болса дейміз.
Автор: А. Сауытбек