Алматы тағы да әлемдік музыканың орталығына айналмақ! 21–23 тамыз аралығы халықаралық Park Live Almaty фестивалі тыңдарманды сапалы музыкамен қуантпақ. Ал басты жаңалық, шара хедлайнерлерінің бірі – Ұлыбританияның аңызға айналған Gorillaz виртуалды тобы болмақ. 2000-жылдардың басында ерекше анимациялық клиптерімен есте қалған ұжым бүтін бір дәуірдің нышанына айналғаны рас.
Фестиваль сахнасында сондай-ақ, «Грэмми» сыйлығының бірнеше дүркін иегері Jack White, The Kills дуэті, америкалық хип-хоп өкілдері De La Soul мен CeeLo Green, The Offspring панк-рок тобы, пост-хардкор жанрындағы Glassjaw және Bloodywood үнділік фолк-метал тобы өнер көрсетеді. Үш күн бойы фестиваль қонақтары нағыз сапалы жанды музыканың атмосферасына бөлене алады.
Park Live Almaty бүгінде Алматыны Орталық Азиядағы фестиваль мәдениетінің маңызды орталығына айналдыруды көздейді. Шара осымен үшінші мәрте ұйымдастырылмақ. Еске салсақ, 2025 жылы өткен Park Live фестиваль қонақтарын Робби Уильямс, Мэрилин Мэнсон, Alan Walker сынды әлемдік жұлдыздармен қуантқан еді. Park Live былтыр Робби Уильямстың фанаттарын қуантса, биыл ла әнсүйер қауымға естен кетпес кеш сыйлайтыны сөзсіз. Сондықтан, ең ауқымды музыка фестивалінен қапы қалмаңыз! Шара туралы толығырақ ақпарат пен билеттерді park.live сайтынан ала аласыздар.