10 мың теңгелік сауда — жаңа автокөлік: Aport Mall жеңімпазын анықтады

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Талабы қарапайым, сыйы қомақты. «Aport Mall West» орталығында айлап күткен ұтыс ойын өз мәресіне жетті. Сауда жасап, бағын сынаған үміткерлердің арасынан темір тұлпардың иесі белгілі болды.

 

Александр Ким, «Aport» моллдарының PR-менеджері:

- Бүгін 6-7 айға созылған ұтыс ойынының қорытындысын шығарып жатырмыз. Көлік ұтысы 10 наурызда басталған еді, бүгін финалын өткізіп отырмыз. Екі көлік ойнатылды, яғни әр сауда орталығында бір көліктен.

Биыл бағалы сыйлықтардан үмітті жандар үшін, талап пен шарттар барынша жеңілдетілген.

Александр Ким, «Aport» моллдарының PR-менеджері:

- Ұтыс ойынының шарттары өте қарапайым болды. «Aport» моллдарында кез келген дүкеннен немесе тамақтану орнынан 10 мың теңгеге сауда жасау керек. Одан кейін чекті тіркеп, купон алып, ұтыс ойынына қатысуға болады. Яғни, қатысу үшін күрделі шарттар болған жоқ

Жиналған дүйім жұрт Беркут пен Аишаның өнерін тамашалап, нағыз думанды кештің куәсі болды.

Александр Ким, «Aport» моллдарының PR-менеджері:

- Алда бізде көп жаңалық бар. Жақын арада жаңа фудкорт аймағы ашылады. Сонымен қатар, «Funky» ойын-сауық паркін кеңейтіп, жаңартып жатырмыз. Ол да жақын күндері қонақтарға есігін ашады.

Тұрғындардың белсенділігінде шек жоқ. Сәттілікке сенген қатысушылар саны биыл екі есеге өсіп, ұтыс алаңы нағыз бәсеке алаңына айналды.

- Наурыз айында келіп сауда жасағанбыз. Сол кезде бізге осындай тамыз айында бізде ұтыс ойыны болады деді. Сонымен жарайды деп купон чектерімізді өткізіп, купондар алдық, сонымен кеше смс келді. Келіп қатысыныздар деп, соған келіп отырмыз.

Бірнеше ай бойы жалғасқан акцияның ең қызық сәті жеңімпаздың есімі жарияланған кез. Күтпеген жерден бақ сынап, басты жүлдені иеленген Бақыт Төлегенова қуанышын жасыра алмады.

Бақыт Төлегенова, жеңімпаз:

- Шынымды айтсам, әзірге ештеңе айта алмай тұрмын. Әрине, қобалжу бар, ішімде біртүрлі толқу болып жатыр. Мен бұған дейін ешқандай ұтыс ойынына қатысып көрмеппін. Бүгін Апортқа негізі басқа шаруамен келген едік. Сол кезде маған SMS келді. «А-а, демек, екінші кезеңге өту керек екен ғой», — дедім. Қызым менің орныма бәрін жасап берді.