Қуаныш Бейсек, режиссер
— Оқиға шынымен ойдан шығарылған, мені сөкпеңіздер, құрметті көрермен. Бұл — біздің қиялымыз. «Осындай қаһармандарымыз болса екен, болса ғой» деген идеямен түсірілген. Кезінде аниме болсын, комикстар болсын, солай трагедияның сублимациясы ретінде шыққан.
Кинонарыққа жаңашылдық әкелген «7 Қарақшы» экшн-истерн жанрында түсірілген. 24 қыркүйектен бастап үлкен экранға жол тартқан картина бір ғана уик-эндте 275 миллион теңгеден астам касса жинап үлгерді. Ал туындының бюджеті — 720 миллион теңге.
Қуаныш Бейсек, режиссер
— 720 миллион салғанымыз рас. Сенбесеңіздер, Kaspi көрсетейін. Енді ол ақша ақтала ма, ақталмай ма — бұл сұраққа мен дәл қазір жауап бере алмаймын.
Сценарий авторлары — Қазыбек Оразбек пен Алдияр Жапарханов. Сондай-ақ Қуаныш Бейсек те бұл жолы фильм сценарийін жазу барысында режиссерлік көзқарасын қосуға тырысқан.
Алдияр Жапарханов, сценарий авторы
— Қуаныштың стилі болғаннан кейін, менің ойымша, халықтың көңілінен шығады. Өйткені ол таза Қуаныштың стилімен жазылған фильм.
«Жеті қарақшы» — кеңестік жүйеге қарсы шыққан қылмыскерлер тобы. Олар осы режим жасаған ең жойқын ядролық бомбаны тоқтата алатын соңғы үміт.
Индира Сабирова, актриса
— Біздің әрбір кейіпкеріміз бір-бірін толықтырып тұр ғой. Біреуі біреуінсіз кем болып қалатын сияқты.
Азат Жұмаділ, актер
— Семей ядролық полигоны туралы әсіресе жас ұрпақ, жас буын білуі керек деп ойлаймыз.
Алдияр Жапарханов, сценарий авторы
— Бомбаның қандай түрлері болған сол уақытта, қандай жүйеге қарсы, адамдарды қалай жазалаған — анау-мынау деген ресерчке ұзақ уақыт кетті.
Әшім Ахмет, актер
— «7 Қарақшы» жобасы өте қызықты жоба болды. Барлығымыз екі айдай бірге жүріп, жұмыс істеп, неше түрлі рөлдерді ойнап, бауыр басып қалдық.
Қуаныш Бейсек, режиссер
— Мен енді өзімнің киномды мақтағым келіп тұрған жоқ. Уақыттарыңыз болса, көріңіздер. Кейін «ойбай, 2000 теңге ақталмады» деп жазбаңыздар.
Мейіржан Төребаев, актер
— Қуаныш, хочу сказать: крови мало, побольше крови надо было.
Ақан Сатаев, режиссер, кинопродюсер
— Қуаныш тағы да өзін кәсіби жағынан өте-өте көрсетті, кәсіби деңгейін көрсетті.
Дана Есеева, блогер
— Жаңа формат, жаңа деңгей. Ең бастысы — мәні бар.
Мейіржан Төребаев, актер
— Для Казахстана такой новый формат. Ну, сол режиссер сондай, Қуаныш — нестандартты режиссер. Он как будто, знаешь, открывает дорогу. Страх перед режиссером ходит, страх такого формата снимать.
Алмаз Мержақыпов, актер, блогер
— Енді бұл үлкен трагедия, тіпті табу десең болады. Оны осындай сеттингте, осындайда «tear jerker» дейді ғой, әдейі жылату үшін емес. Сол айтқым келгені — керемет, керемет, сөз жоқ.