Бір қызығы сылқым бұл пайдаға ән айтумен кенелмеген!
600 миллион доллар! Осыншама байлықты иемденген америкалық әнші әрі актриса Рианна әлемдегі ең табысты. Алайда, оның музыка саласындағы ауқатты ару атануына, әншілік мансабы аса көмектесе қоймаған. Бикештің бағын жаққан – LVMH компаниясымен серіктестігі. Бұл брендтпен достық-қарым қатынас орнатқан Рири, сән мен сұлулық әлеміне қадам басқан еді.
Нәтижесінде, өнер иесі 2017 жылы «Fenty» атауымен жеке косметикалық өнімдер желісін дүниеге әкеліп, бренд алғашқы аптасында-ақ 100 миллион доллар қаржыға кенелді. Кейіннен Рианна, сәнгер ретінде де талай табысты киімдер топмасын ұсынды.
Ал, Форбс ұсынған тізімде Мадонна екінші. Поп-патшаыйымының жиған-тергені - 570 миллион долларды құраса, 450 миллион доллармен Селин Дион да дәулеттілер қатарында.
Осылайша, өкінішке қарай үздіктер үштігі Бейонсенің көзінен бұлбұлдай ұшты. Джей Зидің сүйіктісі 400 миллионмен әзірге тек төртінші орынды місе тұтпақ!