Өнер ордасы «Қуыршақтар шүберегі» атты қойылымның тұсауын кесті.
Мақсат Сахиұлы, театр актеры:
-Біздің көрсететін спектакльдеріміз жасы кішкентай бүлдіршіндерге арналған. Бұл спектакль кішкентай қыз жөнінде, ол қыздың өмірге деген көзқарасы, өмірдегі қиыншылықтарды көргеннен кейін қиыншылықтардан қалай шығуы сол жөнінде спектакль.
«Алғаш рет сахналанған спектакль, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балаларға мотивация береді»,- дейді театр актерлары. Қойылыммен қатар, труппа концерт өткізіп, балақайлардың көңілдерін аулады.
Олег Гостев, Н. Сац атындағы театрдың директоры:
-Бүгінгі акция театр демеушілерінің арқасында болып жатыр. Парламент Сенатының төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызы, мәдениет және спорт министры Арыстанбек Мухамедиұлы және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тікелей қолдау көрсетті.
Айтпақшы, мәдениет ошағында маусым айы бойы актерлар түрлі қойылымдар ұсынбақ.