Балнұр Қуантай – күллі отандық шоу-бизнес өкілдерінің әсем көрінуіне септігін тигізіп жүрген жанның бірі. Өнерпаздардың сахнадағы ғана емес, оның сыртындағы да болмысымен жақсы таныс жұлдызды хэйр-стилист! Іс барысында, жоқ жерден «түлен түртіп жүретін қыңыр мінезді» әртістердің аз емес екенін айтады.
Балнұр Қуантай, хэйр-стилист:
-Мен Еркемен кезінде жұмыс істегенмін. Қиындау мінезі Еркенің. Мадина бізде деп, кәдімгідей, бірақ сонда-да мен өзімнің айтқанымды жасаймын Мадинаға. Өйткені Мадина Сәдуақасовамен өте көп жұмыс жасадық бірге. Сосын Жанар Дугалова. Оны бір мен емес, бәрі біледі. Жанар «щепитильный» дейді ғой.
«Жұмыртқадан жүн қырыққан» жұлдыздар, жарнама жасап тегін қызмет алуды әдетке айналдырған. Дегенмен, арасында жомарттары да жоқ емес екен.
Балнұр Қуантай, хэйр-стилист:
-Салтанат Бақаева мысалы әрқашан келген сайын, ешқашан реклама сұраған емес, скидка да сұраған емес. Ақшасының бәрін толықтай төлеп кетеді.
Айтпақшы, «Ninety one»-дықтар да әуел баста Балнұр Қуантайдың тұрақты тұтынушыларының бірі болған.
Балнұр Қуантай, хэйр-стилист:
- Q-pop шыққан группаның бәрі, негізі бізден шыққан негізі. Кімдікі өзгерген, бәрі. «Ninety one», «Newton», «Black Dial», «EQ», қазір жаңадан шығып жатқан «10IZ» деген, бүкіл q-pop группалардың бәрі бізден шығады.
Q-pop демекші, аталмыш бағыт өкілдеріне тән түрлі-түсті шаш бұдан-былай сәнде емес! Жұлдызды хэйр-стилист биылғы жылдың трендтерімен бөлісе кетті.
Балнұр Қуантай, хэйр-стилист:
Мынандай қысқа етеді, немесе ұзын, тек түзу етіп, «естественный» ғой, бәрі сол шаш үлгілеріне көшіп жатыр. Ал, шаш бояуына келсек, қайбір жылдары нешетүрлі түстер тренд болып кетіп еді. Қызыл, сары, көк, жасыл. Ол да қазір қалды.
«Ең абзалы – өз шашыңыздың түсі. Байқағаныңыздай, биылғы тренд «табиғилық» дейді шебер.