Канье Уэст пен Бред Питт дос па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Канье Уэст пен Бред Питт қашаннан бері араларынан қыл өтпес достарға айналған? Атағынан ат үркетін Голливудтың қос жұлдызы көпке осы ойды салды. Әр жексенбіде Sunday Service музыкалық шарасын өткізетін рэпер бұл жолы бас мейманы ретінде Питт мырзаны шақырған.
Екеуінің емен-жарқын әңгімесі көпті таңғалтты. Себебі, бұрын соңды олар бір-біріне дәл бұлай жылы қабақ танытпағанды. Не де болса, әліптің артын бағуға тура келеді. Бұл тандем бәлкім үлкен шығармашылықтың бастауы болар?!

Дос қадірін білместердің бірі – Ева Лонгория! Көпшілік актрисаны «Отчаянные домохозяйки» телехикаясындағы «құрбыларымен» тіл табыса алмай жүр деп айыптағанды. Сыртынан тон пішкендерге актриса жауап қатты. Айтуынша, олар апалы-сіңілідей бір-біріне жанашыр екен.

Рианна да көптің қызу талқысында. Сылқым өзінің Savage x Fenty ішкиімдер топтамасының жарнамалық компаниясына фотосессия жасады. Коллекцияның өзі 20 -шы қыркүйекте сатылымға шығады.