Мұрат Мұтұрғанов өзі құрған цирк жұмысын жандандыру үшін, халықтан жылу жинай бастағанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- Осыдан жарты ай бұрын Мұрат Мұтырғанов елден ақшалай көмек сұраған еді. Мақсаты – бала арманын жүзеге асырып, жеке цирк құру болатын. «Крауфандинг» әдісі арқылы қажет соманың төрттен бір бөлігін жинаса да, Мұрат бүгін цирк шатырын көтеріп жатыр. Істің қай кезеңде екенін өз көзімізбен көрейік! Кеттік!

Бұғанасы қатпаған шағынан цирк әлемінде тыңбай еңбек етіп жүрген Мұрат Мұтырғанов «цирк шапиотоны» тұрғызу үстінде. Істі бастан-аяқ өзі жіті қадағалып, бұл жолы халықтың қаржылай көмегімен қойылымдар жасауды жоспарлаған-ды.

Айсара Бисенова, тілші: @ais.tv

- Мұраттың өз ісін қалай сүйетінін байқауға болады. Цирктің шегесінен бастап, әртісік құрам мен бағдарламасына дейін өзің араласып жүретініңді жақсы білеміз. Цирктің құрылуы қалай жүріп жатыр?

Мұрат Мұтырғанов, цирк әртісі:

- Бүгінде айтатын болсам, 70 пайыз жұмысты бітіріп қойдық. Енді тек әрлеу және ішіндегі майда жұмыстары ғана қалды. Барлығын өзім қадағалып жүрмін, шегесіне дейін өзім қақтым. Оңай емес әрине. Бір сөзбен айтсам қазақтың киіз үйін тұрғызудан да қиын.

- Бағдарламасын айтсақ, сіз бір сөзіңізде айтып кеткенсіз, мен жануарлардың қатысуына қарсымын деп?

- Ия, ол рас. Менің шоуларымда ешқашан жануарлар болған емес, болмайды да. Оның басты себебі, мен ол істің маманы емеспін. Мен жануарларды жаттықтыра алмаймын.

Мұраттың «краудфандинг» әдісіне жүгінгеніне бір айға жуық уақыт өтті. Цирк әртісі жоспарланған қаражаттың тек төрттен бір бөлігіне ғана қол жеткізе алса керек.

-Краудфандинг арқылы көздеген сомманы жинай алдыңыз ба?

-Бүгінгі таңда тек 30-40 пайыз ғана жинай алдық. Өкінішке орай барлық сомманы жинай алмадық. 800 мың теңге қаражат түсті. Ал, біз шығындалмау үшін, 3 миллиондай керек.

Артық шығындалу Мұраттың өз тәжірбиесінде болған екен. Сері, гастрольдік сапарларға 6 млн-дай қаржыны өз қалтасынан шығарған. Енді ол, циркке келушілерге түрлі мүмкіндіктер сыйлаймын деп отыр.

-Сізге қаржылай көмектескен адамдарды құр қол қалдырмаймын дейсіз ғой?

- Крауфандинг тек беру ғана емес, оның пайдасы да бар. Біздің жағдайда ол біріншіден сен алдын ала билет алып қоясың. Екіншіден бөлген қаражаттың сомасына қарай түрлі сыйлықтар аласың. Ол бізбен фотоға түсу, сіздердің тойларыңызға барып өнер көрсетеміз. Оған қоса, балаларыңыз талантты болса біздің шоуға қатыса алады.

-Рахмет сізге, ісіңізге сәттілік тілеймін.

-спасибо\рахмет!

Мұраттың жеке циркі көрермендерге қыркүйек айының 7-сінен бастап өз есігін айқара ашады.Тіпті, Мұтырғанов сәтін салса, Қазақстанның әр аймағына сапарға аттанбақ.