«Немере сүйгім келеді»! Роза Рымбаева ұлын қанша қолқаласа да, неге айтқанына көндіре алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жан беруге көнер ем, сен аман бол немерем» деп құрақ ұшқан үзеңгілестерін көргенде, Роза Қуанышқызы да «етегіме жармасып жүретін» бір қара домалақ болса деп армандайды. Әсіресе, өзі алпысты алқымдап, тұңғышы сүр бойдақтар қатарына қосылғалы бері, бұл тілегін жиі жеткізетін болған.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі

- Немере дегеніңіз ерекше сүйкімді Құдай беретін бала екен ғой. Оған жету деген, ол үлкен бақыт. Оның қылығы, оның сүйкімділігі, оның тәттілігі, дүниедегі ең сүйкімді, ең тәтті бала ол немере екен деп талай құрбыларымнан естіп жүрмін.

Немеренің бал қылығы жайлы құрбыларынан естігенін енді жүрекпен сезінсем дейді. Тіпті, 45 жылдан бері жүрген сахнасын, бесік тербетуге алмастыруға да қарсы емес.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі

- Мен Әлиге айттым, балам қай күні мен үйленем дейсің мен дайынмын. Оны өзің шешесің дедім. Бүгінге бе, ертең бе, ендігі жылы ма оны өз еркі біледі.

Халық әртісі осылайша қос ұлының «үйленемін» дегенін күтіп жүрген сыңайлы. Жақында қолы ұзарып, бесік тербетсін деп тіледік.

Салтанат Қалиева, тележүргізуші

- Мен ерте тұрмысқа шыққасын шығар, мүмкін соның жемісін көріп жатырмыз. Аллаға шүкір өзім 42 жасымда, осыдан 2 жыл бұрын әже атандым.

42 жасында «жас әже» атанған тележүргізуші Салтанат Қалиева екі немересіне жете алмай жүрген көрінеді...

Салтанат Қалиева, тележүргізуші

- Өзімді кереметтей әже екенімді сезініп жатқан жоқпын. Ұлдарым әлі кішкентай, қызым Қызылордада тұрады. Жиі көрмейміз. Төркіндетіп анда-санда келеді, күйеубаламыз қаталдау ол жағынан, қонуға рұқсат бермейді.

Жиен немерелерінің кенжесін өздері атапты, София деп. Енді тележүргізуші туған немересін бауырына басу үшін 9-11 жастағы ұлдарының өскенін күтеді. Ал әзірге қыздан болса да ұрпақ сүйіп, «әжелік» статусқа ие болғанына мәз.

Салтанат Қалиева, тележүргізуші

- Өзімнің келін болғаныма 26 жыл. Жақында қызық оқиға болды. Атам айтады «сен неге бізге сәлем салмайтын болғансың» деп, енем айтады «әже болды ғой, салмай-ақ қойсын» деп, содан босатып жатыр