Жауапкершіліктен жұрдай Төреш! «Ұлы дала баласы» тағы уәдесінде тұрмады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық музыка нарығында жаңа марапат! Бұл жолы QMA премиясы тұсауын кеспек.

Бүгін БАҚ өкілдерін жинап, алғаш баспасөз-мәслихатын өткізген марапат

ұйымдастырушылары сан соғып қалды. Салтанатты кеш хедлайнерлерінің бірі ретінде таңдалған Төреғали Төреәлі журналистермен кездесуге келмеді

Андрей Еремин, музыкалық марапаттың режиссеры

- Жауапкершілік жетіспейді. Өйткені, әртіспен келіскеннен кейін, іс жүзінде бәрі бос сөз болып қалады. Демек, ол жауапкершілікті сезінбейді деген сөз.

Төрештің бұл қылығына әріптестері де үйреніп қалған сыңайлы. Қолдарын жеңіл сілтейтін болған.

Әли Оқапов, музыкалық марапаттың амбассадоры

- Шынымды айтайын, нөмірі жоқ менде. Сахна сыртында кездесеміз, сәлеміміз түзу, жылы-жылы сөздерді де айтып тұрамыз. Бірақ, араласатындай онымен мүмкіндігім жоқ.

Жобаның бетке ұстары ретінде әнші Әли Оқапов та таңдалыпты. Бірақ әнші музыкалық марапаттың ережелерінен бейхабар.

Әли Оқапов, музыкалық марапаттың амбассадоры

- Мен ұйымдастыру жағынан ешқандайда немесе іріктеу жағынан, нәтиже жағынан да қатысым жоқ. Өзіме де жұмбақ, өзіме де қызық. Мен тіпті әділ-қазылар қатарында кім бар екенін де білмеймін.

Қазақ өнерін дәріптейміз деп ұрандатқан ұйымдастырушылар, кью-поп өкілдерін жобаға қатыстырмаймыз деп отыр. Себебі, «Ninety One», «EQ», «MadMen» сынды топтар, пайымдауларынша, кей-поптың көшіремелері.

Марғұлан Сейділдаев, музыкалық марапаттың атқарушы директор

- Біздің бұл премия қазақи ұлттық болғаннан кейін, шетелге еліктеу, шетелден келген басқа жобаларға категорически нет деп жатырмыз.

«Qazaq music awards» салтанатты шарада 20 номинация бойынша, түрлі музыкалық жанрдағы әртістер марапатталады. Әрбір жеңімпазға – 3 млн. теңгеден табысталмақ.