Көптен күткен ұлы той! «Apple» компаниясы су жаңа өнімдерінің тұсаукесерін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл сәтті, күллі әлем тосты десек, артық болмас! Apple компаниясы iPhone 11, 11 Pro және 11 Pro Max смартфондары, Apple Watch және iPad-тың жаңа модельдерін халық назарына ұсынды.

iPhone 11-дің үш камерасы бар: бірі қараңғыда түсірсе, бірі 4К сапасымен және сыртқы камерасы баяу режимде видео таспалай алады. Жаңа модель iPhone XR-мен салыстырғанда 1 сағат артық жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Оның А13 Bionic атаулы процессор - құрастырушылардың айтуынша, бұл нарықтағы ең жылдам түрі.

Жаңа сматрфондар 64, 128 және 256 ГБ жады бар күлгін, жасыл, сары, қара, ақ және PRODUCT түстерімен шығады. Бағасы - 699 доллар болады. Одан қымбат екі моделінің құны – 999 және 1099 долларды құрамақ.

Бұдан бөлек, презентацияда басты жаңалық – Apple TV+ болды. Алапауыт компания түрлі кинотуындылар мен қызықты телешоуларды тамашалауға арналған стимингтік қызмет ұсынып отыр.

Тим Кук, Apple компаниясының бас директоры:

- Apple TV+ қызметі қарашаның 1-нен бастап іске қосылмақ. Компания ұсынған стримингтік қызметтің бағасы, өзгелерге қарағанда қолжетімді. Мәселен, түрлі туындыларды тамашалау үшін айына 4,99 доллар төлейсіз.

Мұндай жағымды жаңалық «Алма» брендінің тұтынуышыларын қуантқанымен, жаңа смартфонның дизайнын көпшілік жатырқаса керек. Тұсау кесер өте сала, желі қолданушылары гаджет туралы мемдарды жарыса жариялады.Ал, жаңа гаджеттер әлем бойынша 20 қыркүйектен бастап сатылымға түспек.