Айнұр Ілиясова дүркіретіп туған күнін атап өттті. Актрисаның меншікті мерекесінде күйеуі неге төбе көрсетпеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Бүгін – Айнұр Ілиясова 33 толған туған күнін дүркіретіп атап өтіп жатыр. Негізі, актрисаның төл мерекесі өтіп кеткен. Сол сәттерде сылқым Қазақстанды аралап, гастролдетіп жүргенді. «Ештен, кеш жақсы» деп бүгін пати ұйымдастырған Айнұрды біз де құттықтай келдік.

«Не кигің келсе, соны ки»! Шақыртуына дәл осылай жазған Ілиясова дресс-кодқа келгенде, меймандарға ерік берген. Бұл кеште қонақтар Айнұрды сыйдың астында қалдырса, Нұртас Адамбаев бастаған өнерпаздар ағынан ақтарыла, жылы лебізін жаудырды.

Айнұр Ілиясова, актриса:

– Сіздің туған күніңіз өтіп кетті. Неге дәл бүгін тойлаймын деп шештіңіз?

- Жәй ғана бәрінің басын қосып, жәй ғана кездесіп, «теплый вечер» дейді ғой, сол сияқты, жылы кеш өтсін деген сағынышпен жасаған болатынмын.

- Ал, енді осы туған күніңіз несімен есте қалды? Мүмкін ерекше сыйлықтар, тосын сыйлар болды?

- Мен әлі сыйлықтарды қараған жоқпын. Бірақ, білмеймін енді, қанша уақыт өмір сүретінімді білмеймін ғой, сондықтан әрбір туған күнді меніңше жасау керек.

– Құпия болмаса, күйеуіңіз қандай сыйлық жасады?

- Күйеуім маған, күйеуім маған квадракоптер алып берді.

- Бұл ерекше сылйық екен, Әсіресе, гүл, сақина, әшекей бұйымдар сыйлап жатады ғой.

- Не, қандай сый алғың келеді дегенде, екеуіміз бұл нәрсе жәй ғана жататын нәрсе емес, керегін тигізетін нәрсе болса деп шешкен болатынбыз.

- Ал, енді сіздің күйеуіңіз жайлы айтып жатырмыз. Сіз тұрмысқа шыққалы ол кісіне көрсетпей, жүзін жасырып келген едіңіз. Алайда, алдында желіде көрсеттіңіз? Бұл немен байланысты.

- Енді ол, көрсетпеймін ойбай менде ғана бар деген сөз емес. Ол басында айтқан мені ешқайда түсірмей-ақ қойшы, мен ешқай жерге бармай-ақ қояйыншы. Қазір де күйеуім жоқ, өйткені ол айтты өздеріңнің орталарың, өздерің отыра беріңдер, сендерге қызығырақ болады деп.

- Елдің бәрі маған айтады, сен айырылысп кеттің бе, күйеуің жоқ па деп айтқаннан кейін қойшы, жаным мен салайыншы суретіңді деп айттым да, мақұл деп ол келісімін берді.

Ал, Айнұрдың екінші жартысын табуына себепкер болған - Гүлнәр Сильбаева. Сондықтан, сылқым бүгінгі дастарханның төріне жайғасқан.

Гүлнәр Сильбаева, актриса:

- Айнұр екеуіміз Индия, Гоа-аға демалуға барғанбыз. Сол сәтте мен оны болашақ күйеуімен таныстырдым. Ішімдегі жеңгейтайлығым оянып, екеуінің отау құруына көмектестім. Сол жылы олар шаңырақ көтеріп, дәл бір жылдан кейін екеуі тұңғыштарымен Гоаға демалысқа барды.

Сөз кезегін алған өзге қонақтар да, Айнұрдың бар сырын жайып салды.

Айна Досқызы, блогер:

- Айна ханым, енді сіз Айнұрды қай кезден бастап танисыз?

- Айнұрды, 2014-тен бастап. 5 жыл. Алғашқы таныстығым, телевидение саласында, екеуіміз таңғы шоуды жүргізгенбіз.

– Айнұрдың сіз қызығатын қасиеті қандай?

- Ойындағысын бірден жүзеге асырады.

Санжар Мәди, актер:

– Санжар, енді бүгін Айнұрдың туған күніне келіп отырсыз. Айнұрдың ең ерекше қасиетін айтып өтсеңіз?

- Меніңше, шындық. Себебі ол, жақсы танитын, танымайтын адамы болсын, шындықты айтудан қорықпайды.

- Қандай қасиетін, менде болса екен деп ойлайсыз? Сізде жоқ қасиет.

- Сол шындық айту қасиеті дер едім. Әрине, мен де шындықты айтамын. Бірақ, дәл Айнұр сияқты емес.