Ким Кардашьян ауырып қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Денсаулығы сыр берген соң Ким Кардашьян дәрігерге қаралғанды. Ақ халаттылар сылқымның бойында аса қауіпті дерттің барын анықтаған. «Қызыл жегі» деп аталатын қан ауруы бұрын Селена Гоместі де біраз әбігерге салғанды. Бойжеткеннің ұзақ уақыт ауруханаға жатып емделгені де есімізде.

Ким бұл дерттің бары нақтыланған соң, күйзеліске түсіп кеткенін айтады. Дегенмен, дәрігерлер дер кезінде көмек беріп, дертті емдеуге кіріскен.

Әпкесі ем іздеп шарқ ұрып жүргенде, сіңілісі Кайли Дженнер елді шулатты. Сүйіктісі, 28 жастағы Трэвисс Скотпен бірге анадан жаңа туғандай жалаңаш кейіпте фотосессия жасатып, оны желіге жүктеп қойған. Қызу талқыға түскен бұл сурет Playboy журналының кезекті санына арнайы таспаланған екен. Көпшілік Кайлиді қызы Сторми мен жаһанның өзіне еліктейтін миллиондаған аруларына жағымсыз жағынан әсер еттің деп жазғырды.

Соңғы жарты жылда таблоид беттерінен де, папарации назарынан да жоғалып кеткен The Weeknd кеше Таронтода көзге түсті. Көпшілік Эйбел Тесфайенің түр-келбеті түгел өзгергенін қызу талқыға салды.