Баян Мақсатқызы, Лидо, Айдана Меденова! Сәнгер ретінде топтамаларын ұсынған жұлдыздар сынға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші:

- Шоу-бизнес жұлдыздары сән әлемінде! Баян Алагозова дизайнер Аруназбен бірігіп коллаборация ұсынса, әнші Айдана Меденова да өз киімдер топтамасын шығаруды қолға алған-ды. Өнер өкілдерінің бұл бастамасы жайлы сән мамандарының пікірі қандай?

Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:

-Сіз, дизайнер ретінде, шоу-бизнес жұлдыздарының сән әлеміне бет бұрғанына қалай көресіз?

- Өз топтамаларын ұсынған талай әртістерді білемін. Бірақ, бұл бастама ұзаққа созылмады. Мәселен, кезінде жарнамасы жер жарған Қайрат Нұртастың киім дүкені қазір қайда?

- Баян Алагөзовамен дизайнер Аруназ коллаборация жасаған еді. Өз ойыныз бен бағаңызды айтып кетсеңіз?

-Мына көйлекті Лидо жасады, тіпті тексеріп көрсеңіздер болады. Мына кимононың дизайнын мен жасадым. МынауЛеонид Жеребцов.

Сонда бұл топтаманың үлгілері плагиат болған ба? Сәкен Жақсыбаев жоғарыдағы жұлдыздардың өзі сән мамандардың көмегіне жүгінетінін шегелеп тұрып айтты. Дизайнер Алексей Чжен де, «Амуаж» тобының әншісі Регинаның коллекциясын сынап тастады.

Алексей Чжен, дизайнер:

- Шынымды айтсам, мұндай киімдердер шығаратын дизайнерлердің көп. Бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Әр сәнгердің өз ДНК-сы болуы керек. Ол, яғни, өзгеге ұқсамайтын қолтаңба.

Сәнқой Виктория Моминбаева өнер өкілдерінің арасында тек Лидоны ерекшелеймін дейді. Әнішінің талғамы, мамандардың өзін таңқалдырса керек.

Виктория Моминбева, бизнесвумен:

- Лидо өз ісінің маманы. Себебі, сахнада да, фэшн-өндірісте де ол барын салып жұмыс істейді. Оған бәріміз куәміз. Әсіресе киімдері маған қатты ұнады.

Алайда, Лидо бүгінде бұл хоббиін тоқтатқан. Жарты жыл бұрын өз ательесін ашқан Айдана Меденова да, бастаған ісін аяқсыз қалдырды.

Лилия Рах, байер

-Сіз сән әлемінде өте көп уақыт жүрсіз, мысалы көбінесе шоу-бизнес өкілдері сән әлеміне қадам бұрғанын қалай ойлайсыз?

- Менің ойым әркім өзінің жұмысын жасауы керек. Біреу ән айту керек, біреулер өлең жазсын, кейбіреулері мен сияқты байер болсын. Себебі, сапалы дүние жасау үшін, әркім өз мамандығын алып жүруі тиіс.