Бейнебаян таспалап жатқан «Kesh YOU» аруларын Баян Мақсатқызы неге қараусыз қалдырды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші:

- «Kesh YOU» тобының әр бейнебаяны креативті идеясымен таңқалдыратын. Дегенмен, бүгін гелзбенд екінші клипінің локациясы ретінде – Алматы көшелерін таңдаған. Қымбат декорация мен фэнтези-образдарымен де ерекшеленбеді. Бұл қарапайымдылықтың астарында не бар?

«Ұят емес»! «Кешью»-де жаңа құрам жасақталғалы таспаланған тырнақалды бұл туындысы осыдан жеті ай бұрын жарық көргенді. Әдетте, мұндай ұзақ үзілістер Shine Production-ға тиесілі емес-тін.

Kesh YOU тобы:

- Қыздар жарты жыл үнсіздіктен соң. екінші бейнебаян түсіріп жатсыздар? Осы уақыт аралығында қайда болдыңдар? Не істедіңіздер?

- Енді осы уақыт аралығында біз, бейнебаян негізі түсірдік, бірақ бірге дуэт ретінде түсірдік, «Дос-Мұқасан» тобымен және де осы барлық бұрынғы экс-солисткалармен «Kesh YOU 13» атты клип түсірген болатынбыз.

- Мен сендерді инстаграм арқылы қадағалап отырамын, байқап отырамын, сендер көбінесе той-томалақта жүресіңдер. Содан қаражат түсе ме?

- Енді біз сахнаны бөлмейміз, ол той мынау мынандай сахна деп, барлық жерде халық бір.Әрине оның ақысы болады міндетті түрде. Әр адам өзіне тиесілі қаражатын алады. Бәрі риза.

Ал, «Kesh YOU» тобының жаңа бейнебаяны «Қош енді» трегіне таспаланып жатыр. Бұл жолы лирикалық әнді таңдаған өнерпаздар, тың туындыларын продюссердің қадағалауынсыз түсіріп жатыр. Себебі, Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовпен бірге шетелге демалысқа аттанып кеткен.

Айсара Бисенова, тілші:

- Қыздар, сендер, Баян Мақсатқызының нақты тапсырмасымен жүріп үйреніп қалған шығарсыздар. Қазір бейнебаян түсірілімі барысында, қиындық туындап жатқан жоқ па?

- Жоқ, ешқандай қиындық жоқ. Жанымызда директор бар, администратор бар. Сондықтан, режиссеріміз бар.

- Кешьюдің әр бейнебаянында бір месседж бар, осы бейнебаянда қандай месседж болады?

- Бұл бейнебаян енді, сюжетін ашып айтпай-ақ қояйын, көре жатарыздар. Бірақ лирикалық ән, сондықтан сол тұрғыда бір әдемі махаббаттың көрінісі болады.

- Тек қана өздерің түсесіздер ма бейнебаянда? Қандай образдар болады бейнебаянда?

- Басты кейіпкерлер бар. Образдарымыз көріп тұрғандарыңыздай, кэжуал стильде де. Стилі жастардың стилінде, сондай бір образ болады.

Ал, қыздардың «Қош енді» әніне таспалап жатқан бейнебаяны, жақын арада көрермен назарына ұсынылады.