«Ким, саған не болған?» Кардашьян көпті таңқалдырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ким, саған не болған?» «Creative Arts Emmys»-тың қызыл кілемінде төбе көрсеткен Кардашьян ханым, жанкүйерлерін таңырқатты. Атышулы ару эпатажды ашық-шашық образдарын қарапайым көйлекке ауыстырған-ды. Дегенмен, бұл кеште сылқымға деген көптің қызығушылығы еселенбесе, азая қоймады.

Кардашьяннан өзге, арнаулы жолақ бойында Николь Шерзингер, Лиза Кудроу, Мэгги Сифф бастаған арулар ел назарын өзіне аудартуға тырысты.

Алайда, шарада сылқымдарды Джонатан ван Несс өз көлеңкесінде қалдырғандай. Ерек иммиджімен танылған хэйр стилист, атаулы марапатқа әсем көйлегін ұзақ дайындаған.

Ал, «Creative Arts Emmys» марапатының бұл кешінде, «Тақтар ойыны» телехикаясы рекордсмен атанды. Лента, «Үздік визуалды эффект», «Үздік костюм» сынды қатарынан бірнеше жүлдені еншілеп қайтты.

Елді елең еткізіп, Майкл Джексонның жанкүйерлерін шулатқан « Leaving Neverland» картинасы да құр қол қайтпады. Лента «Үздік деректі драма» жүлдесінің иегері.

Есесіне, алты аталым бойынша үміткер атанған, Бейонсенің «Homecoming» атты музыкалық фильмі бірде-бір марапатты еншілей алмады. Қатаң қазылар алқасы, картинаны қошаметке лайық емес деп таныса керек.