Рианнаның 1000 долларлық кішкентай сөмкесі, Канье Уэсттің шұлық іспеттес аяқ киімі трендте!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші:

- Голливуд жұлдыздарының сәнге айналдырған ерекше акксесуарлары көпшілікті таңқалдырған еді. Рианнаның кішкентай сөмкесі және рэпер Канье Уэсттің шұлық ұқсас аяқ киімі жыл трендіне айналуда. Бұл туралы дизайнерлердің көзқарасы қандай?

Рианнаға қарап «бойтүзейтін» сәнқойлар жетерлік. Сылқымның әр жаңашыл образы, фэшн өндіріске сөзсіз бір өзгеріс енгізеді. Мәселен, таяуда ғана «Нью-Йорк фэшн уик»-ке арнайы ұшып келіп, әуежайда ұстаған қол сөмкесі бірден трендке айналды.

Айсара Бисенова, тілші:

- Рианнаның кішкентай сөмкесін көрдіңіз ғой, 1000 доллар тұратын. Оның ішіне не сияды, ол пайдалы ма?

Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:

- Менің ойымша ұялы телефон, ақша және опа-далап. Рианнаның тредтен қалмай киінуіне мүмкіндігі жетерлік.

Виктория Моминбева, бизнесвумен:

- Бұл сөмкені мен көрдім, соңғы кездері сәнге айналған акксессуар дер едім. Әдемі дүние болса неге ұстамасқа.

Алексей Чжен, дизайнер:

- Мұның сәнге еш қатысы жоқ. Бұл, тек қана, пайдасы мол комерциялық жобалардың бірі. Жарнамасын Рианнаның жасауы, зор табыс әкеледі.

Рианнаның акксессуары бельгиялық брендке тиесілі. Дәл осы сөмкемен папарацци көзіне ілінген әнші, көпшіліктің қызығушылығын бірден тудырған еді.

Айсара Бисенова, тілші:

- Канье Уэст шұлыққа ұқсас аяқ киім шығарып, күлкіге қалғаны есіңізде шығар, өзінің сондай аяқ киімге тапсырыс бересізба?

Алексей Чжен, дизайнер:

- Шынымды айтсам мен өзім мұндай аяқ киімейтін едім. Себебі, үстіңе киген дүние жарасымды болуы керек.

Виктория Моминбева, бизнесвумен:

- Мүлдем менің стилім емес. Мұндай киімдерді онша ұната бермеймін.

Ерек образдарымен бірден көзге түсетін актер Эзра Миллердің қызыл кілемге арналған әр киімі таңқаларлық екені сөзсіз. Әсіресе «Фантастикалық құбыжықтар» тұсаукесеріне киіп келген күртешесімен біраз сынның астында қалған-ды.

Айсара Бисенова, тілші:

- Өте ерекше киім. Эзра Миллердің курткасы. Сіздің ойыңыз?

Виктория Моминбева, бизнесвумен:

Эксперименттен қашпау керек, бірақ тым ұсқынсыз дүниелерден аулық болыңыз. Мұны мен алмас едім.

Алексей Чжен, дизайнер:

- Тренд деп көзсіз киінуге болмас. Күлкіге қалғаныңды түсінбей де қаласың.

Байқаумызша отандық сәнгерлер де өз гардеробын жасақтауға келгенде аса талғампаздық танытатын көрінеді.