Кардашьяндар әулеті «Эмми – 2019» салтанатынан неге құр қол қайтты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливуд жұлдыздары «Эмми» марапатына жиналды. Лос-Анджелес төріне жайылған қызыл кілемде төбе көрсетуге асыққандар қатарын Ким Кардашьян мен Кендалл Дженнер бастады. Қос сылқым шараға алғаш рет бақ сынауға келген екен.

Ким Кардашьян мен Кендалл Дженнер:

- Бүгін ең қуанышты күн. Себебі «Эмми» бірінші рет ток- шоулар арасында үздіктерді анықтамақ. Әрине «Кардашьян әулеті телешоуы» өз мүмкіндігін жібермейді.

Өкінішке орай, «Кардашьян әулеті» бұл аталымда үздік шыға алмады. Есесіне аруларға өзге жеңімпаздарды мараптаттау мәртебесі бұйырды.

Телетуындалыр үшін «Оскармен» пара-пар марапат, осымен 71-ші мәрте өткізіліп отыр. Әдеттегідей жылдың ең үздік телехикаясы сөзсіз «Тақтар ойыны». Төртінші жыл қатарынан басты номинацияны еншілеп келген жоба, соңғы маусымның арқасында бірнеше жүлдеге ие болып отыр.

Софи Тернер, актриса:

- «Тақтар ойынының» соңғы маусым ең үздік болғанына барлықтарыңыз келісетін шығарсыз. Көрермен 10 жылдан аса уақыт біздің үлкен жаняұмызбен бірге болды. Бұл біз үшін де, сіздер үшін де тарих!

«Тақтар ойыны» аталмыш марапат ғұмырында рекорд жаңартып, бірден 32 номинацияға ұсынылған. Ал, басты кейіпкерлер арасында, Питер Динклэйдж «екінші пландағы үздік актер» ретінде тағы да жеңімпаз.

Шынайы оқиғаға негізделген «Чернобыль» мини сериалы, қоржынын үш бірдей жүлдемен толтырды. Атышулы туынды «үздік драма», «үздік сценарий» және үздік режиссерлық жұмыс» аталымдары бойынша топ жарды.

Ал, жылдың ең үздік актеры мен актрисасы ретінде Билли Портер мен Мишель Уильямс таңдалды.

Билли Портер, актер:

- Күтпеген тосын сый деп осыны айт. Мен сіздерді жақсы көремін. Бұл мен үшін бақыт!

Мишель Уильямс, актриса:

- Барлығы менің анам мен біздің ұжымның және көрерменнің менің кейіпкеріме деген қызығушылығының арқасы. Рахмет!

Басы-аяғы 34 жүлдені олжалаған «HBO» телекомпаниясы «Netflix»-ті шаң қаптырды. «Amazon» студиясы 15 марапатқа дән риза.