Майли Сайрус неге күйзеліске түсті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Майли Сайрус анорексияға шалдыққан ба? Сылқымның жанкүйерлері әншінің тым жүдеу кейпін көріп, алаңдаушылық танытты. Жұлдыздың инста фолловерлері мұншама арықтауының себебін іздеп, ақыры Лиам Хемсвертпен ажырасуы әсер етті деп шешті. Оның үстіне, актриса Кейтлин Картермен ат құйрығын үзіскені де оңай соқпаған сыңайлы деп сәуегейлік танытты. Анджелина Джоли экс-күйеуі Бред Питке не балаларыңды, не Кардашьян әулетін таңда деген талап қойды. Ашуға мінген Джолидің сөзінше, Бред Пит Каньэ Уэстпен араласуын тоқтатпаса, перзенттерін көруге зар болады. Актриса Кардашьян әулетін бұрыннан жақтырмайтын көрінеді. Ал, балаларын олардың жанына мүлдем жолатқысы жоқ. Кайли Дженнер Лос-Анджелестегі ауруханалардың біріне түсті. Басы айналып, бойында әлсіздікті сезінген сәнбике, суықтап қалған шығармын деп өз-өзін емдеуге кіріскен. Дегенмен, жағдайы күрт нашарлап кеткен соң, дәрігерлердің жәрдеміне жүгініпті. Ақ халаттылар қажетті ем-домды жасап жатыр. Осының салдарынан, модель Париж сән апталығына бара алмайтын болды. Онда, бьюти коллекциясын таныстыруы тиіс еді.