Күздің премьералары! Отандық жұлдыздар тағатсыздана күткен қай картина?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық актерлар дерлік киномандар. Әсіресе, біздің режиссерлардың жұмысын үлкен экрандардан көруге асық. Басым бөлігі жақында жарық көретін Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмін тағатсыздана тосуда.

Шәріп Серік, актер:

- Әрине «Томирис». Оны, тек қана мен емес, бүкіл Қазақстан күтіп жүрген шығар. Мен «Томирис» деген киноны басталмай тұрғанда білгем. Сол кезден бастап мен осы киноны күттім.

Тұмар патшайымның батырлығы суреттелген лентаға режиссер Ақан Сатаев екі жылдай уақыты мен еңбегін сарп етті. Тарихи туынды көпті ауқымы мен актерлық құрам арқылы қызықтырған екен. Тіпті Төлеповтар әулетінің жігіттері аталмыш фильмнен алар пайдамыз мол деп отыр.

Асылхан Төлепов, актер:

- Фильмді түсірген режиссердың жұмысы бізге қызық Ақан ағамыздың. Жалпы, Томиристың тарихы. Актерлық құрам өте қызық, өйткені бұл фильмде Қазақстандағы ең мықты, мен мен деген актерлардың көбісі түсті. Сол кісілерден бір үлгі алып, сабақ алып, былайша айтқанда мастер класс.

Артур Төлепов, актер:

- О бастан ол тарих. Одан кейін ол енді үлкен, тарихты талап етеді. Мысалыға ол ішінде сөзсіз, мақтанып айтатын Ақан ағамыздың бастауымен және оның ішіндегі актерлар.Бізде соңғы рет ең үлкен ауқымды жоба енді болған жоқ қой.

Көрермен «Томирис» фильмімен бірер күнде қауышады. Ал, Гүлназ Жоланова болса, өзге картиналардан бұрын, өзі сомдаған фильмдерді көру үшін күн санап жүр.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- «Бизнес по казахски в Корее», бұйырса желтоқсан айында шығады және де қараша айында, Нұртас Адамбайдың «Әкім» атты фильмі бар. Менің қатысуыммен сол киноны да өзім күтіп жүрмін.

Нұртас Адамбайдың кезекті комедиясын тосып жүрген тек Гүлназ ғана емес. Актриса Карлығаш Мұхамеджанова да әріптесінің еңбегін бағаласам деп отыр.

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

- Нұртас Адамбайдың «Әкім» фильмін күтіп жүрмін. Себебі қызық, көрермен ретінде және Нұртастың шығармашылығын әрдайым бақылап отырамын. Оның туындыларына әріптес ретінде баға беру дұрыс шығар.

Ал қызыққа толы «Әкім» лентасы жас шенеуніктің жаңа қызметке тағайындалуынан бастау алмақ. Комедия қарашаның 7-сінен бастап үлкен экрандарда.