«Еркекпін мен!» Ғазизхан Шекербеков Алматыда жеке концертін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

- Бүгін мен Республика сарайындамын! Құрметті көрермен, сіздерге кезекті концерттен қызықты бейнематериал ұсынамын. Сонымен қатар, өнерде емес өмірдегі досым Ғазизхан Шекербековты демеуге келдім!

-Камера қосулы ма? Мынандай зәулім сарайда концерт қалай ұйымдастырылады, концерт қалай өтеді, көрерменге барлығын көрсететін боламыз. Ендеше мархаббат.

Концерт кешкі жетіде бастылуы тиістін. Көрсетілген уақыттан сағат тілі әлдеқашан асып кетсе де, сахна шымылдығы әлі түрілген жоқ. Сол сәтті пайдаланып, бүгінгі кештің себепшісінен сұхбат алуға тырысып көрген едік.

Ғазизханның «өзі-өз, көйлегі бөз» болғалы жасап тұрған тұңғыш жеке шығармашылық кеші. Бұған дейін, әнші Қайрат Нұртаспен бірге ғана концерттерге қатысып жүргенді. Сахнаға өзінен бөлек, отандық эстраданың кіл дүл-дүлдері көтерілді. Себебі, олар сазгердің талай хит әндеріне жан бітірген.

-Міне жазылып тұр «сахнаға шығу». Яғни, дәл қазір сіздер сахнаны іштен көресіздер.

Қайрат Нұртас демекші, хитмен концертке кешігіп жетті. Бұл Шекербековтың біраз жүйкесін жұқартқаны анық. Әйткенмен де, олар дуэттерін орындап шықты.

Жауапкершілігі тым жоғары Мақпал Жүнісова түс ауғаннан осында жүр. Әнші Ғазизханның жеке кешін бір жандандырып тастады.

Айқын Төлепберген, әнші

-Көбіне қолдау ретінде келдік: Себебі, ондай бір Ғазизхан екеуміздің Қайрат Нұртас сияқты, Төреш сияқты жұмыс істеген совместный нәрсе жоқ. Мен Ғазизханға постоянно айтам жақсы әндер болса жібер деп, хабарласқанмын. Оған да уақыт керек қой.

Осылайша демеп келген әріптестері, Ғазизханның тұңғыш концерті жоғары деңгейде өтті деп кетті. Дегенмен, кеш иегерінің өзі біраз қателіктің болғанын мойындайды.

Ғазизхан Шекербеков, әнші

- Сахнаға шыққан кезімде сәл қобалжу сезіндім, халық алдында. Халық қой енді, халықпен ойнауға болмайды. Шыққан кезде буы менің мысымды басты.

Үш мың орындық Республика сарайында ине шаншыр жер жоқ. Сол себепті де сазгердің жақындары концертке кіре алмай қайтқан.

Ғазизхан Шекербеков, әнші

  • Билетің бар ма дейді. Мен досымның нөмірін жіберіп қойғанмын. Аналар маған қайта звондайды «жоқ» - деп жатыр ғой деп. Мен концертке дайындаламын ба, не билет іздеймін ба, басында кішкене ашуландым.
  • Басқа қалаларда болады ма жеке концерттерің?
  • Нұр-Сұлтанда болады, Алла қаласа, қараша немесе желтоқсан айында. Келесі айдан бастап қала аралап концертімізді береміз.
  • Біз сәттілік тілейміз!