Үйлену тойы болмайды! Айқын Төлепберген жары Жұлдыздың сөзін жоққа шығарды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыз Өмірғали, әнші

- Біз той жасамаған болатынбыз. Бірақ, планда бар. Келесі жылы болып қалуы мүмкін.

Экс-кешьюлық Жұлдыз Өмірғали таяуда ғана бізге берген сұқбатында, Айқынмен неке қию салтанатын дүркіретіп атап өту жоспарлары барын айтқанды. Дегенмен, күйеу жігіт тойдың ауылы әлі алыс деп, Жұлдыздың сөзін жоққа шығарды.

Айқын, әнші

-Кино шықсын, сосын оны көре жатармыз. Әзірге оны айтудың қажеті жоқ. Бәрі порционно ғой, бәрін айтып тастасақ қызығы кетіп қалады. Керек уақытында айтамыз.

Тойдан гөрі шығармашылығына аса мән берген Айқын қаражаттан қысылып жүргенін жасырмайды. Себебі, бар тапқан таянғаны қазір өзі таспаламақ киноның түсірілім жұмыстарына жұмсалып жатыр екен.

Айқын, әнші

-Барша қазақстандық қыздар мен әйелдердің, мамалардың, апалардың құрметіне 8-ші наурыз туралы кино түсірем. Ол комедия болады. Сондай бір «приключенский комедия-боевик» болады.

Жанры да ерекше киноның түсірілімі қараша айына жоспарланыпты. Қазір белсенді түрде кастинг жарияланып, актерлық құрам іріктелуде. Ал басты рөлді өзі сомдайды. Себебі, ол бұған дейін үлкен экрандарда тек эпизодтық рөлдерден ғана көрінетін.

Айқын, әнші

-айтушы еді, «если хочешь сняться в главной роли в фильме, то сними этот фильм сам» - дейді ғой. Сондықтан, өзім продюсер болып кино түсіріп жатырмын.

Той әзірге болмайды деп, жарының бетінен қаққанымен Жұлдызға да киносынан рөл табылды.

Айқын, әнші

- Жұлдыз да ойнайды кинода.

- Кімнің рөлін ойнайды?

– Енді оны кино шыққанда, Алла қаласа, көре жатарсыздар. 8 наурыз туралы, келесі жылдың февраль айларында шығады кино.

Айта кету керек, бұл Айқынның кино әлеміндегі алғашқы ісі болмақ. Дегенмен, аталмыш саладағы тәжірбиесінің аздығын қаперге алмастан, өзі продюсер, өзі актер һәм саундтректі де өзі жазып шығуға ниетті.

Айқын, әнші

-Алғашқы кино болу үшін коммерциялық кино болу керек. Халықтың көңілінен шығатын кино болу керек. Ақша жинау, рейтинг жинау және де жаңа бір саланы меңгеру.