Жұлдыздар инста фильтр ұсынады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Фотоға түсуге құмар жандарға таптырмас мүмкіндік. Голливуд жұлдызы Ким

Кардашьян инстаграм әлеуметтік желісінде жеке фильтрін ұсынды. Енді атышулы арудың фанаттары қосымшаның көмегімен дәл Кардашьяндікіндей бет пішіміне ие бола алады.

Кимнан бұрын, дәл осындай бет әрлейтін фильтрді Кайли Дженнер алғашқылардың бірі болып жарыққа шығарған еді. Сәнбикенің арнайы маскасы арқылы өзіңінізге түрлі мейк ап қолданып, фотодағы жүзіңізді өзгертесіз.

Сонымен қатар, әлемдік бұл трендте өзге де жұлдыздардың есімдері жетерлік. Мәселен, Ариане Гранде, ресейлік танымалдар арасынан Сергей Лазерев, Елена Темникова да инста фильтр ашқан.

Отандық желі қолданушыларына Ельдана Форайс есімімен етене таныс блогер де өзінің атынан түрлі маскалар жасап шығарған. Әзілкеш арудың вайнындағы «ашулы қырғыз» кейіпкері көпке танымал. Сондықтан, ғаламтор жұлдызы дәл осы образдарды фолловерлеріне байқап көруге мүмкіндік берді.

Түрлі фильтрмен Ельдана оқырмандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, визажист Сәния Ілясова болса, сұлу болуға шақырады.