Джей Ло үйлену тойы алдында пати ұйымдастырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана қалыңдық атанған Дженнифер Лопес той алдында пати ұйымдастырды. Сүйіктісі Алекс Родригестен бірнеше ай бұрын үйленуге ұсыныс алған әнші, қуанышты жаңалықты ет жақындарымен бөліскен-ді.

Лос-Анджелес қаласынның ең қымбат мейрамханаларының бірінде дүбірлі кеш өткізген ғашықтар, енді ұлан асыр тойдың қамына кіріспек. Тіпті Джей Ло, міндетті түрде тек шіркеуде ғашығыма ант беремін деп отыр.

Джастин Бибер мен Хейли Болудин болса, көптен күткен үйлену тойларын құпия түрде өткізуге шешім қабылдады. Ол үшін жұлдызды жұп Солтүстік Каролинадағы «Montage Palmetto Bluffs» қонақ үйін таңдап алған. 200 мейман шақырылған дүбірлі кеште Бибердің жақындары мен қоса өнердегі әріптестері жиналады. Инсайдерлерің айтуынша музыкантпен сәнбикенің отау құру салтанаты бүгін кешке өтеді.

Ал, жақында ғана шаңырақ көтерген Ксения Собчак пен Константин Богомоловтың отбасылық өмірі көпшіліктің қызу талқысында. Тіпті, жас жұбайлардың тапқан табысына дейін мәлім болды. «Forbes» журналының ең бай танымалдар қатарына енген Собчактың, бір жылдық еңбекақысы 64 млн рубльді құраса, театр режиссері Богомолов 12 айда, 7 млн-нан аса кіріс көріп отыратын көрінеді.