PLAYLIST REVUE

Сообщить о проблеме с эфиром

Френч Монтана, Карди Би және Пост Малоне. Америкалық рэперлер бірігіп ерек коллаборация ұсынды. Танымал хип-хоп орындаушылар «Writing on the Wall» трегіне су жаңа бейнебаян таспалап, фанаттарына тосый сый әзірлеген-ді.

Ал, тың туынды, музыкант Френчтің қараша айында жарық көретін

«MONTANA» атты альбомына енеді.

«Jonas Brothers» ұжымы да су жаңа клиптерін жарыққа шығарды. Үш ағайындының «Lonely» атты трегіне диджей Диплоның өзі музыка жазған. Қаралымы 1 млн асып үлгерген музыканттардың еңбегінде Дипло басты ролді сомдайды.

«Halsey» да өзге әріптестерінен құр қалмақ емес. Әнші «clementine»

трегіне видео арнап, фанаттарын қуантты. Дәл бүгін төл мерекесін атап өтіп жатқан арудың жаңа әні, «Manic» үнтаспасының алғашқы трегі. Туындыда тіпті, Холзидің туған бауыры бой көрсеткен.

25 жасқа толған бикештің, жаңа альбомы келер жылдың басында тыңдарманға жол тартады.