Ерке Есмаханға құда баласы Азамат Дулатов қандай сый жасады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бесік керту жоралғысын жасап, сөз байласпаса да, Қарақат Әбілдина мен Гүлбаршын Зайырова перзенттерін шақалақ шақтан өзара атастырып қойған. Құдағи жүзік тағысып, тележүргізушінің кенже ұлы Айсұлтанға Қарқаттың жалғыз гүлі Аяланы келін етемін деген ниеті бар. Қыдырәлі мен Қарақат бұл ойды қос қолдап құптады.

Ал, Ерке Есмахан мен Азамат Дулатов қалжыңы жарасқан құда бала мен құдаша. Әншінің немере сіңілісі елдегі ең талантты оператордың туған інісіне тұрмысқа шыққан. Бұл құдалық – жемісті болды десек жаңылмаспыз. Себебі, Азамат Еркенің соңғы бірнеше клипінде қоюшы – оператор қызметін атқарды.

Медиа тұлғалардың құдаласуы әрдайым қызу талқыға түсетін тақырып. Әсіресе, Баян Алагөзова мен еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова сырлас құдағиларға айналғанда қызыға қарағандар көп. Диляраның ұлы – Әлішер Айсәулеге сырға салып, екеуі неке қию салтанаттарын дүркіретіп атап өткені есімізде.