«Жоғалған» дауыс қайта оралды! Үш жыл бұрын дауысынан айырылып қалған әнші, сазгер Назарбек Оразбеков өнерге қайта келді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ғұмырын музыкаға арнаған Назарбек Оразбеков бір күнде дауысынан айырылып қалғанды. Төрт жыл бойы сүйікті ісінен қол үзуі, жігіттің жігерін әбден жасытты.

Назарбек Оразбеков, әнші, сазгер

- 4 жыл ауырғаннан кейін депрессия болды, уайым болды. Кәдімгідей түнде жатып алып уайымдаған болды. Шүкір, осы жылы дауысым пайда болды. Білмеймін, қалай пайда болғанын, тіпті дәрігерлердің өзі диагноз таба алмады. Анда жүгірдім, мында жүгірдім. Біреуі бронха дейді, біреу анау, біреуі мынау дейді, бірақ олай емес.

Өмірлік достарының жәрдемімен, музыкант сахнаға қайта оралды. Дертінен құлан таза айыққаннан кейінгі алғашқы концертін, әкімшіліктен рұқсат алып, жерөткелде тегін өткізді.

Назарбек Оразбеков, әнші, сазгер

-Бәрін өзім істегеннен кейін, өз қөңіл-күйімді өзі шерімді тарқатқым келді. И содан кейін осындай бір подземка деген қызықты форматта осы ойластырым көрейікші. Көшенің форматы ғой былайша айтқанда, ешкім істемепті әртістерден былай тыңдасаң.

Өзге әріптестерінен музыкасымен ғана емес, орындау мәнерімен де ерекшеленетін Назарбектің тыңдарманы да ерекше. Бір өкініштісі, оны шоу бизнесте мойындайтындар тым аз екен.

Фариза Ескермес, әнші

- Өтірік емес, рас, қазақ халқы жақсы әндерді бағаламайды. Той әндері бірінші орынға шығып кетеді. Сондай хит әндер бір күндік әндер деп аталады. Сондай әншілер танымал болып кетеді де, нағыз талантты музыканттар, олардың аты шықпай қалып жатады.

Сазгер Назарбек Оразбековтың жанды дауыстағы әдемі әнін 4 жылдан бері сағынғандар жетерлік. Бүгін олардың барлығы Алматының қақ ортасындағы Арбатта жиналып, сағыныштарын бір басты.

Ғания Ноғай, көрермен

- Ата-аналарымызды да алып та, барлық жұмыстарымызды тастап тыңдауға келдік. Назарбек өте дарынды музыкант, ол естіліп тұр. Оның музыкаларының стилі өте ерекше.

Кез-келген істе кәсібилікті қалайтын жігіт енді бейнебаянын түсіріп, әндерін қатар жаза бермек. Сондай-ақ, бүгіннен бастау алған тегін концертін де жалғастырады. Бұрын-соңды әріптестері жасамаған тағы бір локацияда жеке кеші болады деп уәде етті.