BILLBOARD100 үздіктері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Үздік әндерді анықтайтын, әлемнің ең танымал Билборд чарты мықты музыканттар есімін жариялады! Бұл апта, Билли Айлиш пен Post Malonе-нің өзіне бәсекелес табылды. Атағы жер жарған өнерпаздарға жаңа есім – Льюис Капальди шаң қаптырды.

Әншіге дәл осы, Биллбордтан табылған «Someone You Loved» трегі танымалдылық дәмін сезіндіргенді. Әсерлі де, әуезді ән одан өзге, Ұлыбританиялық чарттардың көшін бастауда. Льюис Капалди 2017 жылы «Bloom» атты алғашқы альбомын шығарып, өнер әлеміне тұңғыш қадамын жасаған.

Льюистің ізін ала, музыкалы чарттың тізімінде Lil Tecca жайғасты. 17 жастағы хип-хоп орындаушының "Ransom" трегі табысты. Рэпердің хитке айналған осы трегі, аудио туынды тыңдауға арналған Spotify жүйесінде, 300 миллионнан астам рет жүктелген көрінеді.

Chris Brown мен Drake сынды, майталман музыканттардың қосындысынан шыққан туынды жаман болуы әсте мүмкін емес! Хип-хоп орыдаушылардың «No Guidance» трегі де ең тыңдалымы жоғарылар қатарында.