Отандық актрисалардың қайсысы түңгі клуб бишісі атануға дайын?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

- Әлемдік кино прокатта табысы жағынан топ жарған «Hustlers» картинасы, қызу талқыға түсуде! Лентадағы Дженифер Лопестің ерек биін назардан тыс қалдыру мүмкін емес! Ширақ қимылы мен мінсіз мүсініне қарап, актриса елуге келді деп тіптен айта алмайсың. Ал, біздің отандық жұлдыздар болса, кино үшін Джей Ло сынды батыл қадамға баруға дайын ба?

Түңгі клуб бишіліренің оқиғасын баяндайтын «Hustlers» картинасында, Дженнифер Лопес бас кейіпкердің бірі. Елуге келген өнерпаз, өзінің рөлі үшін тығыз кестесінен уақыт тауып, аптасына үш рет стриптиз биі сабақтарына қатысқан болатын. Одан бөлек, әнші күйеуі Алекс екеуі талай клубтарды аралағанын айтқан еді.

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

– Джей Лоның соңғы фильмін көрдің бе?

– Көрдім, 2 күн бұрын.

– Стриптизерши. Жасы 50-де.

– Күшті ғой.

– Қалай жүргенін көрдің ғой, иә.

– Супер. Все мы мечтаем в 50 лет быть такими как Джей Ло.

- Өзің де армандайсың ба?

– Иә, құдай қаласа.

– Өзіңді 50 жаста қалай елестететсің? Джей Ло сияқты бола аласың ба?

– Джей Лодан кішкене, как сказать?

– Жақсырақ әлде жаманырақ.

- Жақсырақ.

- Жарайды, ол жерде тек би әрекеттері ғой. Өзің биге қалайсың?

– Мен кішкентай кезімде балетка қатысқам. Бірақ қазір билей алмаймын онша, бірақ растяжкам күшті.

Осылайша, шетелдік әріптесіне қатысты таңданысын жасыра алмаған Қарлығаш Мұхамеджанова, болашақта стриптиз бишісі сынды батыл образды сомдауға қарсы еместігін айтып қалды. Ал, Джей Лоның мінсіз мүсіні, ерлер қауымын да бейжай қалдырмағандай.

Еркебұлан Дайыров, актер:

- Джей Лоны өмірде көрмедім, киносын енді көрем. Бірақ ол жердегі еңбегі мықты енді, мойындау керек.

- Жалпы бәрі мақтап жатыр, тамаша билейді, біздің кино актрисалардың қатарында елуге жеткен кезде сол қалыпта, сол деңгейде, сол шеберлікте сақталады деп кімдерді ойлайсың, кімдерді айта аласың?

– Қуаныш апа. Мен білмеймін енді, біздің аткрисалар стриптизершилардың рөліне келісе қояды ма екен. Қарлығаш Мұхамеджанова, Гүлназ Жоланова.

– Олар семіріп кетсе ше?

– Замена болады.

Бибігүл Ахтан, актриса:

- Құдайым бұйыртса 50-ге толғанда Джей Лодай болғым келеді. Негізі, менің анам да 50-ге келсе де, мінсіз мүсінді. Демек, мен де анам сияқты боламын. Енді ашық-шашық сахналарға келер болсам, кеуде сияқты денемнің кейбір мүшелерін көрсетуге дайын емеспін. Басты шартым осы. Ал, қалғанның барлығына дайынмын.

Олай болса, отандық актрисалар болашақта жауыр болмаған, жаңа образдарымен таңқалтады деп сенеміз. Ал, Дженнифер Лопестың жетістігі аянбай еңбек ете білудің нәтижесі екенін ұмытпаған жөн. Себебі, жұмысына жауапкершілікпен қараған актриса гастроль кезінде де, қолы қалт етсе, рөліне дайындалған еді.