Будапештте Уилл Смитт басты рөлді сомдайтын «Гемини» картинасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше, туған күнін Будапеште атап өткен Уилл Смит, «Gemini» картинасының тұсауын да дәл осы қалада кесті. Су жаңа лентаның басты кейіпкері, премьерада аса көңілді. Жергілікті жанкүйерлерімен жүздескен ол, сұхбат бермес бұрын, Венгрия астанасына қатысты тың деректерімен бөлісуді жөн көрді.

Уилл Смит, актер:

- Иоганн Штраустың осы музыкасын күллі әлем біледі. Композитордың бұл туындысы мына артымда турған Дунай өзені туралы. Будапешт керемет қала. Өткен жылы ғана отбасыммен осында болғанбыз.

Одан өзге, қызыл кілем бойымен «Gemini»-дің түсірілім тобы жүріп өтті. Актерлар, режиссер мен продюсер, қысқасы бәрі осында. Ал, олардың кейбіріне көңілді Уилл Смитт сұхбат барысында аздап кедергі келтірді.

Джерри Брукхаймер, продюсер:

- Уилл Смит өте көңілді адам. Кешір Джерри, біз мұндамыз! Білесіздер ме, Джерримен бірге тоғыз рет туған күнімді бірге, түсірілім алаңында атап өткем. Бұл жолы да бірге жұмыс істеу бақыты бұйырды.

Ал, киногерлердің басын қосқан бұл картина ғылыми-фантастика бағытында таспаланған. Лента сюжеті жасы келген киллердің оқиғасы жайында. Кейіпкер қартайған шағында, өзінің жас көшірмесімен ашық айқасқа түседі.

Уилл Смитт, актер:

-Фильмдегі технологияны адамдарға түсіндіру өте қиын. Кинода келбетімді технологиялардың көмегімен өзгертіп, жасарта түскен. Бұл 100 пайыз, сандық кейіпкер.

Ал, көрермен тағатсыздана тосқан лентаның режиссерлік тізгінін «Оскар» иегері Энг Ли өз қолына алған болатын.

Энг Ли, режиссер:

- 3д бағытында, жаңа технологиялардың көмегімен фильм таспалауды қолға алдым. Мен үшін бұл жаңа тәжірибе, мен үшін бәрі қызық. Уилл Смитке келер болсам, ол кермет жан, мықты маман. Сондықтан, онымен жұмыс істеу де бір ғанибет.

«Gemini» фантастикасы отандық кинотеатрларда қазанның 10-нан бастап көрсетілмек.