Джастин Тимбрлейкке шабуыл жасалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қаннен – қаперсіз келіншегін қолтықтап Paris Fashion Week-ке келе жатқан Джастин Тимберлейкке тасадан тап берді! Серінің аяғынан тарпа бас салған Виталий Седюк екен. Украиналық пранкер, дәл осылай, өзі ыңғайсыз жағдайға қалдырған жұлдыздар тізіміне Тимбрлейкті қосты. Әншінің бұл ашуына мықтап тигені анық. Оқиғадан соң, сабырға келе алмай біраз жүрді.

Көшеге жәй ғана серуендеуге шыққан Ирина Шейкке де тыныштық жоқ. Супер сәнбикенің ізін үнемі папарацци аңдиды да жүреді. Бұл жолы бейтаныс ер адаммен қыдырғанын таспалап алған. Суреттерді көре сала, көпшілік бұл сылқымның жаңа ғашығы болар деп топшалап, сәуегейлік таныта жөнелді.

Ким Кардашьянды папарацци заң мектебінен шығып бара жетқан жерінен таспаға тартып алған. Сылқым, құқықтық сауатын көтеріп, адвокат мамандығына машықтанып жүр. Аптаның 18 сағатын партада отырып, білім алуға жұмсайды. Ким әлі 4 жыл осы салада сауатын ашуға ниетті.