Сара Амангелдінің кинода тұсауын кескен «Я люблю тебя» мелодрамасы үлкен экрандарға жол тартты

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші:

Сара Амангелдінің толықметрлі картинадағы дебюты! Дәл қазір мен «Я тебя люблю» картинасының тұсаукесеріндемін. Еске салсақ, лентаның сценарийі аруға арналып жазылған еді!

Бұл күні кеш иелерін құттықтай келгендер көп болды! Қонақтар қызы Сараға арнап, фильм таспалаған Гүлнұр Мамасарипованы құшақ-құшақ шоқ гүлдердің астында қалдырды. Алайда, продюсердің жүзінен қобалжу байқалады.

Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:

- Гүлнұр ханым, толықметрлі картина құтты болсын! Бұл картинаға, жалпы кассалық табысына қандай үміт артып отырсыз?

- Ой, ең күрделі сұрақ. Бұл жерде қандай да бір болжам айту қиын. Жалпы толықметражды фильм лотерея сияқты ғой, кейді ойламаған кинолар халықтың көңілінен шығып кетіп жатады. Кейде осы кино жақсы-ау, дегенде ешкім бармай жатады. Бұйырғаны болар, қандай да бір болжам айтқым келмейді.

– Айтып жатсыз ғой, қобалжыдым деп, тіпті постта та жазыпсыз түн ұйқымды 4 бөлдім деп. Сіздей, кәсіби маманды уайымдатқан не?

- Өзім қобалжып бастадым, білмеймін. Өзім қаншама проект жасап жүріп, бұлай қобалжып көрмеппін. Енді, көп адамның назарына ұсынып отырғаннан кейін, мынау менің тұңғыш толықметрлі фильмім, мені қолдаңыздар деп айтып аламын да, іштей ойлап қоямын, барған адамдар сонша айтып еді мынау ма не түсірген киносы деп қала ма деп. Күдік те бар, бірақ бәрібір үміт басым.

Еске салсақ, мелодраманың сюжет желісіне қос ғашықтың бір-біріне деген кіршіксіз сезімі негіз етілген. Басты рөлдегі Сара кинода да, әнші арудың образында.

Сара Амангелді, әнші, актриса:

- Сара, толықметрлі картинаңыз құтты болдсын! «Әке, сіздің көзіңізді жұма тұратын сәттер болады», деген сарында пост жаздыңыз. Анаңыз болса, плэйбектің арғы жағында әр сахнаны жіті бақылап отырды. Өзіңізді ата-анаңыздың алдында ыңғайсыз сезіндіңіз бе?

- Оның бәрін ақылдасқанбыз, әкемнен рұқсат сұрадым. Бүгін де айттым, әке осылай болады деп, маған айтты - қызым, бұның бәрі шын өмірде болып жатқан жағдай емес деп.

- Кино шыққаннан кейін енді көбісі өз ойларын білдіріп жатады. Біреуі сынап жатса, екіншілері мақтап жатады. Менің білуімше сіз сынды өте ауыр қабылдайсыз. Дайынсыз ба?

- Оқымаймын. Шынымен дайынмын. Өйткені, мен шынымды айтсам үйреніп кеттім. Бірақ мен ойлаймын, өзімді жаман адам емес екенімді. Сондықтан да, халық мені қолдайды деген үміттемін.

- Кімнің ақылын тыңдадыңыз, кім қолдады?

- Менің анам. Менің анам туылғаннан, кішкентай кезден қолдау береді. Бар болса да, жоқ болса да қазір құдайға шүкір болып жатыр. Барына Аллаға рахмет айтамын, мамама рахмет.

Сара үшін Жандос Айбасовтың қолдауы да маңызды болғаны жасырын емес. Арудың ғашығын сомдаған кәсіби актер һәм каскадер, фильмге бола, өзге жобаларын ысырып қойған.

Жандос Айбасов, актер:

- Енді Сара сахнада жүрген қыз ғой, камера дегенді біледі, площадка дегенді біледі, кино дегенді біледі. Ол үшін енді камера алдында тұру, қобалжығанын көрген емеспін. Бірінші көркем киносы деп айтпасақ, актриса ретінде жақсы ойнап шықты.

Лентада сондай-ақ, Берік Айтжанов, Шәріп Серік, Элизат Берікова мен Айнұр Көпбасарованы байқауға болады. Ал, фильмді тамашалаған алғашқы көрермен, өздерінің махаббат хикаяларын еске түсірді.

Аида Кәуменова, дизайнер:

– Бұл енді махаббат жайлы кино екен. Ата-аналары қарсы. Сізде сондай жағдай болды ма өмірде?

- Мен өзімнің жарымды тура қырыққа келіп қана таптым, содан ешкім қарсы болған жоқ оған. Буквально бәрі тойлап, радовались.

Мадина Сәдуақасова, әнші:

- Менің ойымша, өте дұрыс кинода көрсетілген. Ешкім қарсы болмау керек сияқты, ата-ана болсын, басқа нәрсе де болсын, екі ғашыққа ешкім кедергі жасамау керек сияқты. Сондықтан, ол уақыт та ешнәрсе көмектеспейді. Сондықтан, бір-бірлеріңізді сүйіңіздер.